C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\62. Айтбаев Өмірзақ.jpg

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөлде дүниеге келген.

1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы ҚМИ)нің филология факультетін бітірген.

1971 жылы «М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы

1959-1962 жылдары — «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері. 1995-1996 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. 1997-1998 жылдары — Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: қазақ терминологиясының практикалық мəселелері. «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүрген тұста Өмірзақ Айтбайұлының басшылығымен жəне қатысуымен бірнеше ұжымдық кітаптар (Қазақ терминологиясының мəселелері. «Ғылым», Алматы, 1981; Термин жəне олардың аудармалары. «Ғылым», Алматы, 1990, 12 б.т.) баспадан жарық көрді. Академик Өмірзақ Айтбайұлы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, ғалым хатшысы ретінде де (1981–1991 жж.) 550-ден астам ғылыми еңбектің, 21 кітап пен монографиялардың авторы. “Қазақ терминологиясының жасалу көздері” (1981-1984) жəне “Қазақ əдеби терминологиялық лексикасының дамуы” (1985-1991) “Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-əдістемелік жəне практикалық мəселелері” (1997-1999), «Терминологиялық сөздіктер, əдістемелік құралдар жасау» ғылыми-методикалық проект – (АДЖИП қаржыландырған) (2008-2013) деген күрделі ғылыми тақырыптарға ғылыми жетекшілік жасады. Ө.Айтбайұлы – ғылым мен өнерді қатар алып келе жатқан ғалым. Оның сазгерлігін танытатын бірнеше, атап айтқанда, белгілі «Жар сəлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Ақ қоян», «Өренім» тағы да көптеген əндері жұртшылыққа мəлім. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы.

Шығармалары

Аудармадағы фразеологиялық құбылыс, А., 1975;

Қазақ терминологиясының мәселелері, А., 1986;

Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, А., 1988;

Терминдер және олардың аудармалары, А., 1990;

Қазақ сөзі, А., 1997;

Основы казахской терминологии, А., 2000;

Тіл майданы (оқулық), А., 2004;

Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007.

Мемлекеттік марапаттары

1996 жылы «Ы.Алтынсарин атындағы құрметті медалі» нің иегері;

1998 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды;

2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;

2004 жылы ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;

2007 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды;

2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

2013 жылы Еуропа ғылыми-өнеркəсіптік палатасының шешімімен «За высокую профессиональную деятельность и фундаментальный вклад в лингвистику» диплом мен «Алтын медалі» жəне дипломатиялық паспортымен марапатталған;

Түркістан қаласының және Арыс ауданы мен Отырар аудандарының Құрметті азаматы.