C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\61. Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы.jpg

Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов 1947 жылы 14 қарашада Онтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауыл әкімшілігі аумағында туған. Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Скрябин атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу Малдәрігерлік Академиясын, Алматы жоғарғы партия мектебін үздік бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауылында веттехник болып бастады. 1970-1973 жылдары қазіргі Бәйдібек (Алғабас) ауданының XXII партсъезд атындағы кеңшардың бас мал дәрігері қызметін атқарды. 1973-2005 жылдар аралығында облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы, қазіргі Қазығұрт (бұрынғы Ленин) аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Шардара, Қазығұрт аудандық кеңестері атқару комитетінің төрағасы, облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Арыс қалалық партия комитетінің бipiнші хатшысы, қалалық Кеңестің төрағасы, Әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Созақ, Сайрам, Отырар аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан 1991 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің депутаты, Шардара, Қазығұрт, Арыс аудандық Кеңестерінің депутаты болып сайланды.

1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Экономика ғылымының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі (толық мүшесі).

2005-2017 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қ.Айтаханов бірнеше кітаптардың авторы, 2010-2011 жылдары Сенат депутаты қызметіндегі еңбегі нәтижелерінің көрсеткіші іспетті «Ел мерейі жолында» және «Сөз сұраймын» атты көлемді кітаптары жарық көрді, «Государственное регулирование развития сельского хозяйства» атты оқу-әдістемелік кітабы жоғарғы оқу орындарының оқу процесінде пайдаланылады.

Қуаныш Айтаханұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі, Сенаттың «Өңір» депутаттық тобы жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Елге сіңірген еңбегі үшін «Парасат», «Құрмет», «Құрмет белгіci» ордендерімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентінің 10 жылдығы», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Парламент Сенатының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Созақ, Шардара аудандарының Кұрметті азаматы.