Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы кезекті 13 сессиясының күн тәртібіне  шығарылған  мәселелерді талқылау мақсатында 2017 жылдың 21 маусымында облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Комиссия отырысында  10 мәселе талқыланды, атап айтқанда:

  1. Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік

 қолдау бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы есебі;

  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №8/74-VI «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік

 міндеттемелерді қабылдау туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты А.Ә.Сопбековтың

 депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы «Б» корпусының

 «D-1» және «D-2» санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын және

 мүшелерін тағайындау туралы;

  1. Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алтыншы шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті

он үшінші сессисының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныс.