Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы кезекті он үшінші сессиясында «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Р.Ә.Омаровтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша Шымкент қаласының №35 сайлау округі бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты Омаров Руслан Әбдірашитұлының орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.