Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы кезекті он үшінші сессиясында «Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша №25 сайлау округінен депутат Омаров Нұрлан Мамырайханұлы және №31 сайлау округінен депутат Төлендиев Бекасыл Расулұлы алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына сайланды.