2018 жылғы 7 қарашада алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының  кезектен тыс отыз бірінші сессиясының қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев және күн тәртібіне байланысты шақырылған басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:     

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
4. Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту туралы

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді қаулы етті.