2018 жылғы 5 желтоқсанда облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбеков және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрмындағы өзгерісті келісу туралы;
  2.   Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтарындағы №46/381-V «Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;           
  6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №46/384-V «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
  7. «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;
  8. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №21/250-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2018 жылғы қызметі жайлы есептері туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2019 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;
  12. Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.  

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.