Қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, жалпыұлттық келісім мен берекелі бірліктің мерекесі.

Айтулы мереке еліміздің өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы мен ырысты ынтымағын паш етеді.

Осынау жарасымдылық мерекесі қарсаңында баршаңызды еліміздің күш-қуаты мен тұтастығының кепілі – қазақстандық бірегейлік пен қоғамдағы татулықты нығайтуға шақыра отырып, өңірдің серпінді дамуына бағытталған еңбектеріңізге мол табыс, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

Түркістан  облыстық мәслихатының  хатшысы

Қ.Балабиев