«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»

2019 жылғы 5 сәуірде өткен облыстық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешімге мынадай өзгерістер енгізілді:

аталған шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының әкімі, комиссия төрағасы;
Сабыржанұлы Рүстем Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік- құқық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Айтмухаметов Қосман Қайыртайұлы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия мүшесі

болып енгізілді;

комиссияның дербес құрамынан Қ.Т.Нүкенов, К.К.Төлебаев, Ж.Қ.Түймебаев шығарылды.