Қымбатты жерлестер!

Сіздерді алда келе жатқан Жаңа – 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан 2018 жыл облысымыз үшін тарихи жыл болды. Облысымыздың орталығы киелі Түркістанға көшіріліп, облыс Түркістан облысы деп қайта аталды. 2018 жыл Ұлы далада ту көтерген Түркістанның тарихи жылнамасының жаңа парақтарын ашып берді.

Адамзат баласының алғы күннен әрдайым зор үміт күтіп, асыл арманмен тыныстайтыны белгілі. Алдағы Жаңа жылымыз да жарқын жетістіктерге толы, елімізге кұт-береке дарытар жыл болсын.

Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасылық баянды бақыт тілеймін.

 

Ізгі ниетпен,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

                               Қ.Балабиев