«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»

2019 жылғы 5 сәуірде өткен облыстық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешімге мынадай өзгерістер енгізілді:

аталған шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының әкімі, комиссия төрағасы;
Айтмухаметов Қосман Қайыртайұлы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия мүшесі;
Исабек Нұрдәулет Еркінұлы Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
Қырықбаев Полат Наурызбайұлы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
Тлегенов Бекзат Қаленұлы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия мүшесі

болып енгізілді;

комиссияның дербес құрамынан М.З.Мараим, М.С.Мырзабаев, Қ.Т.Нүкенов, А.Т.Темірхан, Ж.Қ.Түймебаев шығарылды.