Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы кезектен тыс отыз төртінші сессиясында «Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» мәселе қаралды. Қарау нәтижесі бойынша Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мына құрамда сайланды:

Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы – «Буденовск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Түркістан облысы бойынша өкілі, Қазақстан Коммунистік халық партиясының өкілі;

Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы – Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, «Түркістан облысы мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

Махамбетова Гүлбала Қосаққызы – Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының статисті, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

Оразымбетов Данияр Шекербекұлы – Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының өкілі;

Өмірәлиев Әлібек Каденұлы – Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі;

Өтемалиева Баян Жалғасқызы – Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инспекторы, «Жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

Сағымбекова Ольга Уақытқызы – Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі.