Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында мынадай мәселелер қаралды:

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында мынадай мәселелер қаралды:

1. «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы». Қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне:

1) Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу туралы;

2) Түркістан облысының аумағынан жалпы аумағы 116280,0 гектар Шымкент қаласының аумағын шығара отырып, шекарасын өзгерту туралы;

3) Түркістан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру туралы ұсыныстар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметімен Түркістан қаласының аумағынан жалпы аумағы 721745,0 гектар Шаға, Жаңа-Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлерін және Кентау қаласының шекарасына қосу жолымен Түркістан облысының Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгертуді келісу туралы шешім қаабылданды.

2. «Түркістан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/126-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы». шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, шешім қабылданды. Көрсетілген мәселені қарау нәтижесі бойынша Кеңестің дербес құрамына Б.С.Ахымбетов — Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы, Кеңес мүшесі, Б.Қ.Бейсенбаев — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы, Кеңес мүшесі, Б.Қ.Бердімұратов — «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының директоры, Кеңес мүшесі, А.Ә.Ноғаев — Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры, Кеңес мүшесі болып енгізіліп, Кеңестің дербес құрамынан Ғ.Аман, У.С.Қыдыров, А.П.Керімбек шығарылды.

3. «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын лауазымынан босату туралы». Осы мәселені қарау нәтижесі бойынша Сырым Исмайылбекұлы Шалабай Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды.