Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының 2019 жылғы 30 мамырдағы №12-Ш шешімі Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясын шақыру туралы

Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының
2019 жылғы 30 мамырдағы №12-Ш шешімі

 

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2019 жылғы 13 маусымда сағат 11:00-де Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы шақырылсын.

 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы

С. Бекенов