ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының
назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2019 жылғы 13 маусымда сағат 11:00-де Түркістан қаласы, «Versal» бизнес орталығы ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2, (2-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 13 маусымда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, ормандарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы жөніндегі есебі;

Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;

Түркістан облысының 2019-2023 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы;

Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Облыстық мәслихат

хатшысы

 Қ. Балабиев