ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2019 жылғы 9 қаңтарда сағат 11:00-де «Versal» бизнес орталығы ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2, (2-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                       Қ. Балабиев