ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2018 жылғы 9 қарашада сағат 11:00-де «Versal» бизнес орталығы ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2, (2-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 қарашада сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

Түркістан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін лауазымынан босату туралы;

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 Облыстық мәслихат

 хатшысы                                                                                     Қ. Балабиев