Ардақты аналар мен аяулы ханымдар!

Сіздерді көрікті көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Айтулы мерекенің табиғат атаулыға жан бітіп, жер-дүниенің жаңаратын мезгілі – сұлу көктемнің алғашқы күндерінде өтуі ақжаулықты аналарымыз бен ару қыздарымыздың мейірімділігін, даналығы мен ізгілігін паш ететіндей.

Бүгінгі қазақ әйелі отбасы қамын ғана ойлап қоймай, шаруашылықтың түрлі салаларында тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне едәуір үлес қосуда.

Өз шаңырағыңыздың да, қоғамның да қамын ойлаған Сіздерге мерекелі күні шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін.

 

Ізгі ниетпен,
Түркістан облыстық
мәслихатының хатшысы
Қ.Балабиев