Есенбеков Сайлыбек Ябекұлы

C:\Users\маслихат\Desktop\0000\Есенбеков.jpg

Есенбеков Сайлыбек Ябекұлы

№26 «Қызылқұм» сайлау округінен екінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

1947 жылы 7 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданының Бірінші май ауылында туылған.

Білімі жоғары, зоотехник, 1970 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1970-1981 жылдары Көкшетау облысы Ленин атындағы кеңшарының зоотехнигі, бас зоотехнигі, 1981-1995 жылдары Киров ауданы «Өзбек ССР-інің 40 жылдығы» кеңшарының бас зоотехнигі, 1996-2007 жылдары «Жалаңтөс» шаруа қожалығының төрағасы қызметтерін атқарған.

Халық депутаттары Киров аудандық, ауылдық кеңестерінің депутаты болған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, Оңтүстік Қазақстан облысының, аудан әкімінің грамоталарымен марапатталған.

2007 жылы 26 мамырда қайтыс болды.