№42 сайлау округі

Балабиев Қайрат Рахымұлы

№42 сайлау округі

Туған жылы:  20.11.1965 жыл

Қызметі: Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы

Білімі:  жоғары

Оқу орнын бітірген жылы және атауы: 

1990 жылҚарағанды мемлекеттік университеті;

2003 жыл – Оңтүстік Қазақстан Ашық университеті

Мамандығы бойынша біліктілігі: заңгер, экономист-қаржыгер.

Мемлекеттік  наградалары, құрметті атақтары:

2004 жылы — І-дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісі;

2005 жылы – «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі;

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;

2013 жылы – «Ұлт Даңқы» ордені;

2013 жылы – «95 лет Московскому уголовному розыску» мерекелік медалі;

2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;

2015 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;

2015 жылы – «Құрмет» ордені;

2016 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

Еңбек жолы:

1983 1990 Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, Қарағанды қаласы
1985 1987 Кеңес Әскері қатарындағы қызмет
1990 1991 Шымкент қаласы  Дзержинский аудандық  прокуратурасында тағылымдамадан өтуші
1991 1992 Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі
1992 1994 Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының көмекшісі
1994 1996 Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры, Шымкент қаласы
1996 1996 Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары
1996 1997 Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров  ауданы  прокурорының орынбасары
1997 2000 Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының прокуроры
2000 2001 Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры, Шымкент қаласы
2001 2001 Оңтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы
2001 2003 Қазақ мемлекеттік заң академиясының Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институтының директоры, Шымкент қаласы
2003 2005 Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының прокуроры
2005 2006 Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы
2006 2007 Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Тараз қаласы
2007 2009 «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ  қашықтықтан білім беру орталығының директоры, Шымкент қаласы
2010 2011 «Әділет» демократиялық партиясы өңірлік Саяси зерттеулер орталығының директоры, Шымкент қаласы
2012 2015 Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университеті құқықтану кафедрасының профессоры, Шымкент қаласы
2015 2016 Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университеті Қазақстан тарихы және құқықтану кафедрасының профессоры, Шымкент қаласы
2016 б.к.д Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, Шымкент қаласы


Оңтүстік Қазақстан облысы №42 сайлау округі Сарыағаш ауданының  келесі елді мекендерінің шекарасын қамтиды:

Бесқұбыр ауылы толығымен.

1 мамыр, Шынар  ауылдары толығымен.

Қошқарата, Ұшқын ауылдары толығымен

Мақташы, Аманжар, Алғабас ауылдары толығымен

Қара бура, Жаңа қоныс, Бесауыл ауылдары толығымен, Жамбыл ауылы  С.Қожанов, Ш.Турсынбаев көшелері толығымен.

Бәйтерек ауылы толығымен, Жамбыл ауылы Қарлығаш,Ұстаздар көшелері толығымен.

К.Маркс,Бірлесу,Оңтүстік,Канал ауылдары толығымен.

Қазақстан, Берекелі ауылдары толығымен.

28-гвардия, Дихан ауылдары толығымен

Қызыләскер, Көгерту ауылдары толығымен.

Көкбұлақ, Ғ.Мұратбаев ауылдары толығымен.

Бозсу ауылы толығымен.

Ынтымақ ауылы толығымен

Жаңадәуір ауылы толығымен.

Жуантөбе, М.Горький ауылдары толығымен

Ескіқорған ауылы толығымен

Қияжол, Құйған ауылдары толығымен.

Қаратөбе, Ақжар ауылдары толығымен.

Бірлік, Қосөткел, Құйған, Ащысай ауылдары толығымен

Жаңатіршілік, Үшағаш, Мәдениет ауылдары толығымен

Бекбота, Майда Бозай, Байғабыл ауылдары толығымен.

Ащыкөл, Қалғансыр ауылдары толығымен

Қабылдау кестесі: Сарыағаш ауданы, «Қошқар ата» ауылдық округі  әкімдігінің ғимаратында, әр айдың соңғы сәрсенбісі, сағат 14-00-де. Телефон: 8 (725 2) 57-03-14, 8 701 242 42 51, 8  771 326 32 38;

Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10, облыстық мәслихат ғимаратында, әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін,  2-қабат, №201 кабинет. Телефон: 8 (7252) 24-74-00

Виртуалдық қабылдау

Сұрағыңызды қойыңыз

Введите ответ:
Аминжон 20.06.2017 09:14 Сұрақ:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі
Жансеит Қансеит ұлы Түймебаев мырзаға,
Оңтүстік Қазақстан облысы маслихаты хатшысы,
облыс маслихаты депутаты
Қайрат Рахимович Балабиев мырзаға!

Құрметті Жансеит Қансеит ұлы!
Қайрат Рахимұлы!

Республикамыздың Білім және ғылым министрі қызметін атқарған, Елші қызметінде болған, елін суйген, елі суйген, білімдіде білікті ұстаз ретінде білгендіктен тікелей өзіңіз араласуыңызды сурап отырмын.
Кәсіптік колледждердегі директор орынбасарларыны кім тағайындайды? (мысалы: оқу, тәрбие орынбасары, оқу өндіріс орынбасары)
Бұл сұрақты мен алдын ала министр мырзаға койып көрген болатынмын. (электорон үкімет порталы арқылы)
Алдымен назарыңызға Білім және ғылым министрі Е.К. Сагадиев мырзаның берген жауабы ұсынамын:
Номер обращения 464773
Ответы (1) «Сагадиев Е.К. 05.06.2017, 11:00
Сіздің кәсіптік колледждерге директордың орынбасарына қандай тұлғаларды тағайындау туралы сұрағыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдары басшыларының лауазымдарына білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмаған жағдайда тағайындалады. Колледж орынбасар лауазымына тағайындауда үміткердің біліктілік талаптары жоғарыда корсетілген бұйрықтағы талаптарға сәйкес келген жағдайда, басшының ұсынысымен тағайындала алады».
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарында айтылған «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.» делінген 2-ші қадамы негізінде, және де «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңы талаптарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасына қарасты «№23 колледж» МКҚК директорының оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына осы колледжде коп жылдардан бері (14 жыл) жұмыс атқарып келе жатқандығым, жоғары санатты арнайы пән оқытушысы өндірістік оқыту аға шебері екендігімді ескере отырып менің кандидатурамды директор ұсынған болатын (ұсыныс тіркеу №69 02.05.2017ж). Облыс Білім басқармасы канцеляриясына 12.05.2017 ж № 42-69 тіркелген болсада осы таңға дейін ешқандай да жауап жоқ. Менің кандидатурам тура келмесе жазбаша жауап берілгені де жоқ?
Бірақта директордың ұсынысын инабатқа алмай жоғарыдан нусқау бойынша колледжде бір сағатта жұмыс істемеген, педагогикалық тәжірибесі жоқ бір тұлғаны орынбасар етіп аласын деген қысым қорсетілуде. Ол кісі 1994 жыл институтты бітіріп шыққаннан бері 23 жыл арасында еш бір жерде педагог немесе педагогикаға жақын жерде жұмыс атқарған да емес, жоғары білімі туралы дипломды осы айда (09.06.2017ж) Қазақстан Республикасында ностарификациядан өткезген екен. Сонда білім немесе кәсіби білім саласында бір минутда жұмыс істемеген, санаты (категориясы) жоқ тұлға көктен түскендей бірден директордың оқу-өндіріс орынбасары лауазымына тағайындауға болама?
Бір елді мекенде туратын, бір-бірін танитын болғандықтан шаруашылықта жұмыс істеп жүрген адамды бірден орынбасар етіп тағайындалуына ауылдағы қара халықта аң таң болып отыр! Халықтың айтуынша 3 (үш) миллион қалтаңда болса қалауңды сатып аласын дегендері распа?
Техникалық және кәсіптік білім саласы қазіргі таңда Елбасының тікелей назарында болып, кәсіби мемлекет кұрамыз, Мәнгілік Ел боламыз деп отырған таңда, санатсыз (категориясыз), педагогикалық жұмыс өтілі жоқ тұлғаны әкеп орынбасар етіп тағайындауы менің педагог болғаныма, педагогтар әулетінен екендігіме өкінтін һәлге әкелді.

Құрметті Жансеит Қансеит ұлы!
Қайрат Рахимович!
Осы орын алған келеңсіз жағдай туралы зерттеу жүргізіп өз бақылауыңызға алуыңызды сұранамын.
Менің білімім және білігім жетпесе сонша жыл техникалық және кәсіптік білім саласында атқарған еңбегім есепке алынбаса окпем болмас еді!
Мен болашақ ұрпақтың білмді және білікті болып Еліміздің Мәңгілік Ел болуында қызмет атқарсам деймін.
Өзім туралы мәліметтерді қосымша парақта ұсынамын.



Алдын ала алғыспен: А.Д.Ташбаев


ТҮЙІНДЕМЕ

Ташбаев Аминжон Дарханович

Жалпы ақпарат:
Туған жылы: 14 қыркүйек, 1973 жыл
Ұлты: өзбек
Жынысы: ер
Отбасы жағдайы: отбасылы, төрт ұл, бір қызы бар
Азаматтығы: Қазақстан Реаспубликасы

Жұмыс орны: 1990 ж «ХХІІІ-Партсеъзд» атындағы савхоз жұмысшы.
1990-1995 жыл Ташкент Ирригация және ауылшаруашылығын
механикаландыру инженерлер институты студент.
1996 ж ССО «Голодностепстрой» ПМК-7 монтажшы,
1996 – 1999 жыл ЧП «Қайнар-булак» бас механик
1999-2001 жылдан ЧП «Мухандис-Бунедкор» монтажшы.
2001-2003 жылдан ЧП «Мухандис-Бунедкор» директор.
2003 жылдан Түркістан қаласы. № 21 Кәсіптік техникалық мектеп
Ескі Иқан филиалы оқу–өндіріс шебері,
2003 – 2004 «Евроазия агропром» ш/қ директор орынбасары (қос жұмыс)
2004 – 2009 жылдар «Евроазия агропром» ш/қ техник директор. (қос жұмыс)
2006-2012 жылдар № 23 Кәсіптік мектеп аға шебері
2010-2011 ж Кәсіптік лицей аға шебері және жастар ісі комитеті төрағасы.
2012 жылдан №23 колледж аға шебері.
2013-2014 №23 колледж педагог-психологі.
2014 жылдан №23 колледж аға шебері,
Жоғары санатты арнайы пән оқытушысы

Білімі: жоғары: 1990-1995 жж Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын
механикаландыру инженерлер институты, инженер-механик.
2005 – 2007 жж. Көкшетау университеті. Педагог-психолог
Жоғары санатты арнайы пән мұғалімі
Кәсіби тәжірибесі: жалпы 26 жыл
Пед.өтіл 18 жыл

Тілді білуі: Қазақ тілі – еркін, Өзбек тілі – ана тілі
Орыс тілі –жақсы, Ағылшын тілі – сөздікпен

Компьютерді игеруі: MS Word, MS Power point. Excel

Наградалар:
2011 ж. ОҚО білім басқармасы «Алғыс хат»,
2012 ж. № 23 колледж «Кәсіптік мамандар даярлауда инновацион жобалар» атты ғылыми шығармашылқ конференция «Бас жүлде» иегері.
2013 ж. ОҚО білім басқармасы «Құрмет грамотасы»
2014 ж. ОҚО білім басқармасы «Алғыс хат»
2014 ж Түркістан қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты»
2015 ж №23 колледж «Құрмет грамотасы»
2016 ж. ОҚО білім басқармасы «Алғыс хат»,
2016 ж «Халықаралық Ғылым мен білімді қолдау» орталығы «Жыл қорытындысы-2016» атты Республикалық конкурс диплом және халықаралық дәрежедегі «Құрмет» төсбелгісі



Жауап:

№ исх: ЖТ-Т-215 от: 29.06.2017 «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» мемлекеттік мекемесі

160023 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Астана даңғылы 10.Тел/факс.: 8 (7252) 24-75-36,
БСН 160240017052, ЖСК KZ42070102KSN5801000,
БСК KKMFKZ2A, ММ коды 2613501
ҚР ҚМ қазынашылық департаменті

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат хатшысы Қ.Балабиевқа

Түркістан қаласы
Ескі Иқан ауылы
Н.Юлдашев көшесі №3
А.Д.Ташбаевқа


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) Облыстық мәслихаттың арнайы сайтына жазылған өтінішке қатысты төмендегіні хабарлайды.
Өтініште көсетілген Кәсіптік колледждердегі директор орынбасарларын кім тағайындайды - деген уәжіне қатысты: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139 бабы 8-тармағына (Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді) сәйкес жүзеге асырылады.
Оңтүстік Қазақыстан облысы білім басқармасының «№23 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (Бұдан әрі - Колледж) Басқармаға жолданған ұсыныс қарау Басқарманың бас маманы Л.Жүніске жүктелген.
Алайда, Л.Жүніс 2017 жылғы 22 мамырдағы №65 бұйрығымен үш айлық іссапарда болуына байланысты түсініктеме алу мүмкін болмай отыр.
Сонымен қатар, Колледждің оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасына біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы» №338 бұйрығымен ( жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс) жүзеге асырылады.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сай жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алатыныңызды түсіндіремін.



Басшының м.а. Р.Ергашева


Орын: Д.Акатов
Тел: 8(7252)24-75-24