№ 5 сайлау округі

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы

 № 5 сайлау округі

Туған жылы: 18.01.1967 жыл

Қызметі: «Отау груп» компаниясының президенті

Білімі: жоғары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:

1995 жылы – Қазақ ауыл шаруашылығы институты, 2002 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университеті

Мамандығы бойынша біліктілігі: орман шаруашылығы инженері, заңгер

Мемлекеттік марапаттары, құрметті атақтары:

«Құрмет» ордені, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы,  «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне  25 жыл» мерекелік медальдары

Еңбек жолы:

1985 1987 Совет Армиясы қатарындағы қызмет, Ақмола облысы
1991 .1995 Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті, Алматы қаласы
1992 1995 «Күнгей» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе қаласы
1995 2000 «Трансмарс» ЖШС-і директорының орынбасары
2002 2004  «Кит Со» ЖШС директорының орынбасары, Шымкент қаласы
2004 2009 «Кит Со» және «Отау Строй» ЖШС-нің президенті, Шымкент қаласы
2009 2012 Түркістан қаласының әкімі
2012 2013 Шымкент қаласының әкімі
2016 б.к.д. «Отау груп» компаниясының президенті, Шымкент қаласы

№5 сайлау округінің шекарасы:

Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі мен Қ.Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан бастап, Қ.Рысқұлбеков көшесінің жұп жағымен Мәделіқожа көшесіне дейін, Мәделі қожа көшесінің тақ жағымен Қ.Қазиев көшесіне дейін, Қ.Қазиев көшесінің жұп жағымен дендросаябақ шекарасына дейін, дендросаябақтың шекарасымен Қ.Төлеметов көшесіне дейін, Қ.Төлеметов көшесі бойымен Сырым батыр көшесіне дейін, Сырым батыр көшесінің жұп жағымен карьерге дейін,  одан ары «Ақжайық» мөлтекауданын қоса карьердің шекарасымен өтіп, ипподром және орман шаруашылығы шекараларымен Бәйдібек би даңғылына дейін, Бәйдібек би даңғылының тақ жағымен Ұ.Арғынбеков көшесіне дейін, Ұ.Арғынбеков көшесінің тақ жағымен С.Байтереков көшесіне дейін С.Байтереков көшесінің тақ жағымен Ж.Адырбеков көшесіне дейін, Ж.Адырбеков көшесінің тақ жағымен А.Жылқышиев көшесіне дейін, А.Жылқышиев көшесінің тақ жағымен Т.Орынбаев көшесіне дейін, А.Жылқышиев көшесінің тақ жағымен Т.Орынбаев көшесіне дейін, Т.Орынбаев көшесінің жұп жағымен Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінің тақ жағымен Ә.Диваев көшесіне дейін, Ә.Диваев көшесінің жұп жағымен Н.Төреқұлов көшесіне дейін, Н.Төреқұлов көшесінің тақ жағымен М.Х.Дулати көшесіне дейін, М.Х.Дулати көшесінің тақ жағымен Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінің жұп жағымен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінің тақ жағымен Ғ.Иляев көшесіне дейін, Ғ.Иляев көшесінің тақ жағымен А.Байтұрсынов көшесіне дейін, А.Байтұрсынов көшесінің жұп жағымен және осы көшедегі №№17, 17А үйлерін және Желтоқсан көшесінің №№26, 28 үйлерін қоса, осы көшенің тақ жағымен Қ.Рысқұлбеков көшесіне дейін.

Қабылдау кестесі: Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 48 б, «Отау-строй» компаниясының ғимаратында, әр айдың екінші сенбісі, сағат 10-30-дан 12-30-ға дейін. Телефон/ факс: 96-23-15,   96-23-16

Виртуалдық қабылдау

Сұрағыңызды қойыңыз

Введите ответ:
Жеңіс 19.05.2017 16:43 Сұрақ:

Ассалаумағалейкум мәслихат депутаты Қайрат аға. Мен Шымкент қаласында мекемеде жұмыс істеймін. Өзім Арыс қаласынан қызмет бабымен қалаға ауысып келгенмін. Қайрат аға өзіңіздің Отау Строй ЖШС салынып жатқан үйлеріңізден менің жалақыма қарай есептеп берсеңіз деген сауал қойдым. Қазіргі таңда үш бала шағам бар 35 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамын. екі бөлмелі пәтерден қарастырып берсеңіз. Телефон нөмірім 87054397506.

Жауап:

Құрметті Жеңіс Қойлыбайұлы!

Сұрағыңызға рахмет. Сіздің отбасылық жағдайыңыз, жұмыс тәжірибеңіз және бір айға алатын жалақы көлемін ескере отырып, баспаналы болуға бірнеше мүмкіншілігіңіз бар екенін мәлімдейміз.
Біріншіден, Сіздің өтініміңіз бойынша, бүгінгі таңда «Отау Строй» ЖШС компаниясы «БИІК» тұрғын үй кешенінде пәтерлер сатылып жатқанын хабарлайды. Пәтерлер бағасы бір шаршы метрге - 270,000 тг басталады.
Сондай-ақ аталған тұрғын үй кешенінде пәтерлерді «Отау-Строй» ЖШС компаниясымен серіктес банк «СБЕРБАНК»-пен ипотекалық несиеге рәсімдей аласыз. Жалпы «СБЕРБАНК» банкісінің ипотекалық ұсыныстары мен шарттарын білу үшін банк клиенттерімен жұмыс істеу бөлімшесі бастығы Кажыгалиев Мади мырзамен хабарласуыңызды сұраймыз. Мекен-жайы: Шымкент қ., Адырбеков көш-сі, 34 үй. Тел: +7 705 332 89 55;
Пәтерлерді көру және толығырақ мағлұмат алу үшін «Отау-Строй» ЖШС компаниясының сату бөліміне хабарласуыңызға болады. Мекен-жайы: Шымкент қ, Мәдели Қожа көш-сі, 48Б үй. Тел: +7 7252 95 35 95;
Екіншіден, «Қолжетімді үй -2020», «Нұрлы жол» және т.б. мемлекеттік бағдарламалар аясында «Отау Строй» ЖШС компаниясы арқылы Шымкент қаласында бірнеше жобалар жасалып, тұрғын үйлер салынуда. Мемлекеттік бағдарламалар «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен» жүзеге асырылып, барлық азаматтардың баспаналы болуына мүмкіндік беріліп отыр. Пәтерлер бағасы бір шаршы метрге - 180,000 тг басталады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы толығырақ «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісінен» біле аласыз. Мекен-жайы: Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 49 үй. Тел: +7 (727) 279-35-11;
Үшіншіден, өзіңіздің мемлекеттік қызметші екеніңізді ескере отырып, біз «Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сұрау жіберіп, келесі ақпаратты хабарлаймыз:
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және:
- мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға
пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.
Сондай-ақ, осы Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттағы азаматтар жатады:
- көп балалы отбасылар;
Кезекке тіркелу үшін оның иелігінде соңғы 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйдің болмауы, қалада тұрақты тіркеуде тұруы және жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне енуі қажет. Осы жағдайда ғана кезекке тіркелу үшін барлық тиісті құжаттарымен мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласуына болатынын мәлімдейміз.

Құрметпен,
Молдасеитов Қ.
ОҚО мәслихат депутаты