Округ № 49

Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы

Округ № 49

Туған жылы:11.06.1969 жыл

Қызметі: «Хамит» селолық тұтыну кооперативінің  басқарма төрағасы

Білімі: жоғары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:

1992 жылы – Ауыл шаруашылық институты, Алматы қаласы

Мамандығы бойынша біліктілігі: экономист-ұйымдастырушы

Мемлекеттік марапаттары, құрметті атақтары:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», « Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары

Еңбек жолы:

1992 1995 Есепші, Шардара аудандық есеп-қаржы орталығы,  Шардара қаласы
1995 1997. Шаруа қожалығы «Серманизов Бахытжан», Шардара қаласы
1997 1999 Шардара аудандық зейнетақы төлеу орталығының бас маманы, бастығы,  Шардара қаласы
1999 2001 Шардара ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бастығы,  Шардара қаласы
2001 2006 Жеке кәсіпкер,  Шардара қаласы
2006 б.к.д. «Хамит» селолық тұтыну кооперативінің басқарма төрағасы,  Шардара қаласы

№49 сайлау округінің шекаралары:

Шардара қаласының аумағы, Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдық округтерінің аумағы.

Мақтарал ауданы: Ш.Ділдабеков ауылдық округі аумағы, Алпамыс, Достық, Байдала, Қызылтаң, Сайлау, Бірлік, Зерделі, Кемер, Жамбыл, Жаңадала, Сұлубұлақ, Сырабат, Күрішті ауылдарының аумағы.

Виртуалдық қабылдау

Сұрағыңызды қойыңыз

Введите ответ:
Асылбек 07.02.2018 11:23 Сұрақ:

Шардара қаласының тұрғындары сапалы ауыз суды қашан ішеді. Газ қалаға қашан келеді.

Жауап:

Шардара қаласының тұрғыны

А.Қаныбековке

Шардара қаласының тұрғындарының 2018 жылғы 7 ақпанда жолдаған өтінішіне жауап ретінде төмендегіні хабарлаймын:

Шардара қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «ОҚО Шардара ауданын газбен камтамасыз ету үшін «Шардара» ГРС-18 және газ құбырынан бұрып алу» (түзету)» жұмыс жобасы бойынша 2017 жылға 258 847,0 мың тенге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Құрылыс нысаны 2018 жылға өтпелі болып, 2018 жылға 771609,0 мың тенге бөлінді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады.

Шардара қаласын газдандыру мақсатында 3 жоба әзірленуде. Жоба аяқталу сатысында.

«Таза су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары аясында 2008-2016 жылдары аралығында су құбыры жүйелерінің құрылысы Шардара қаласында және барлық ауылдық елді мекендерде жүргізілді. Орталықтандырылған құбыр жүйесімен аудан тұрғындарының 91% қамтылғын. Су көзі ретінде ауылдық елді мекендерде ұңғымалар, Шардара қаласы бойынша Шардара су қоймасы пайдаланылады.

Бас су торабы Кеңестік дәуірдің технологиясымен салынған, бүгінгі күнге тозығы жеткен, стансадағы су тазарту құрылғылары өндірістен алынып тасталған, ешқандай зауытта жасалмайды.

Алдағы уақытта тазарту стансасын қайта құру, заманауи үлгідегі тазарту қондырғыларын орнату арқылы ауыз судың сапасын жақсарту көзделуде. Осы бағытта 2018 жылы «Шардара қаласының ауыз су беру торабын қайта құру» жұмыс жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 10,0 млн. тенге бөлінді, жобалық ізденіс жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша орталықтандырылған құбыр суымен қамтылған 3 елді мекендерде (Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданы, Көксу, Егізқұм ауылдары) қуаты 25 м3 \сағ. контейнерлік типті керіосмостық тұзсыздандырып-тұшыту қондырғылары жұмыс істейді. Қалған ауылдарда қуаты 1,0-1,5 м3 \сағ. «ОМЕГА» су тазарту қондырғылары жұмыс істейді. Бұл қондырғылар 2008-2009 жылдары орнатылған. 2017 жылдың басында осы қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізілді, қажетті химиялық реагенттермен қамтылған. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі ас суға осы қондырғылардың суын тұтынады.

Б. Серманизов