Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  мәслихатының  депутаты  Қ.А.Тұрлыбек өз сайлаушыларымен  тұрақты  да  жүйелі  түрде  кездесіп, олардың  талап – тілектерін, арыз – шағымдарын  тыңдап, көтерілген  мәселелердің  тез, оң шешімін  табуына  ықпал  жасауда.

Депутат жеке қабылдауында   көтерілген  тұрмыстық, әлеуметтік  мәселелерге  мұкият қарап, қолынан келген  көмегін аямауға тырысады. Самал мөлтек ауданында канализация  жүргізу  жұмыстары  және де  Электр  қуатын  пайдаланудың  тиімді жолдарын , яғни күндізгі, түнгі тарифтерге бөлу де  депутат —  Қ.А.Тұрлыбектің  игі істерінің жемісі. Атқарылған жұмыстарды атап өтсек , мәселен: 

1. Асқаров көшесі  №7 көп қабатты  тұрғын үй тұрғындары үйдің бірінші  қабатындағы  кеңселердің  жертөленің терезесі мен  ирригациялық  арықты жауып тастағандығы жөнінде ОҚО  бойынша  мемлекеттік сәулет құрылысы бақылау  басқармасына және Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөліміне 2016 жыл 21 сәуірінде  №28/1139 хат жолданды.

2. Мүмкіндігі шектеулі  жандар  қатарынан  Шымкент қаласы, А.Молдағұлова көшесі №25 үй 45 пәтерде тұратын  Махамбетов Жандос Аділбекұлы өтініш білдіріп хат жолдаған. Өтініш бойынша  Шымкент қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ә.Қ.Темірбаеваға   Ж.А.Махамбетовтың  «Заңгер» мамандығы  бойынша  жоғары білімі бар екенін және оны мүмкіндігінше жұмысқа орналастыруын сұранып  хат жолданды.

3. «Ескі қала аумағы» Өзбек көшесі №19 үй тұрғыны  Р.М.Наметова  өзіне тиісті  жер телімі  «қызыл сызық » шекарасында ма? Ол жерге жаңа үй салуға  боладыма? Деген сұрақтармен келді.Бұл мәселе бойынша  қала әкімі Ғ.Абдрахимовтың атына депутаттық сұраныс хат жолданды.Жауап: Шымкент қаласы әкімінің 19.04.2011 ж  №410 қаулысымен  жасақталып, бекітілген «Ескі қала »аумағының егжей – тегжейлі жоспарлау  жобасында  көпшілік  пайдаланатын көше аумағына енетінін  және  бір  бөлігі  жасыл  желектер  аумағында  орналасқандығын,  жер телімдерін  мемлекет  мұқтаждығына  қайтару   Қазақстан  Республикасының  жер кодексіне  сәйкес  жүргізілетінін  мәлімдеген.

4. №89 сайлау  округынан  тұрғындар  хат  жолдаған  онда:

Желтоқсан көш. —   Ташенов көш.

Иляева көш. – Орынбаев қөш.

Ташенов көш. – Жылқышиев көш.  Қиылысына  светофор  орнату және  аялдама  қасынан  зебра  жолағын  жасауды  өтінген. Себебі, №9  мектеп оқушылары  көп жүретін  жерлер.   ОҚО   І І  Басқармасының  басшысы  А.Оспановқа хат жолданып мәселе шешілді.

5.Орынбаев (Гоголь) және  Желтоқсан , Жылқышиев  көшелері  тұрғындарынан  өтініш кліп түсті. Жылқышиев көшесі  №81  орналасқан  Қалалық   туберкулезге  қарсы  емдеу  диспансері, қала сыртына  көшірілуін сұрады. Аталған сұраныс бойынша:   ОДСБ  — на,  ОҚО әкімдігіне  сұраныс хат жолданып, жауап :   Оңтүстік Қазақстан Облыстық Денсаулық  Сақтау  Басқармасы   басшысы  М.К.Егізбаевтан   26.05.2017ж  шығыс № 24-03-02/4753 

хат  келді. Онда  Облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы  мемлекеттік  жекешелік  әріптестігін  дамыту  аясында  Облыстық  туберкулезге  қарсы диспансердің  жаңа құрылыс  жүргізу  Қарасу  ауылында  2019  жылға  жоспарланып  отыр деп хабарлады.

6. ОҚО  арнайы  көзі  көрмейтін  және  әлсіз  көретін  азаматтарға  арналған  кітапхана  директоры  Б.Нұрманбетовтен – «зағип  және  әлсіз көретін  жандардың сауаттылығына» қолғабыс  беру  мақсатында , көз мүгедектерін жинап Қазақстан Республикасының әрбір мерекелеріне, мерейтой  иелеріне   арналған  көпшілік  іс – шара  өткізуге, көз мүгедектері  балаларына  дәстүрлі  Жаңа жыл  мерекесіне  ертеңгілік   өткізуге  қол ұшын беруді өтінді, қаржылай  көмек  көрсетілді.

7. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Азат м/а, Ақжол көшесі  №116 үй тұрғыны И.К.Мусабековадан  өтініш келіп түсті. Өзіне тиесілі  жер  телімінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –ң  Трансформаторлық пунктін  алып  тастауын сұранып  жазбаша  өтініш  жасады. Осы мәселенің заңда көрсетілген ретте шешілуіне ықпал етуін сұранып, ҚР ҰЭМ ТМР БТҚҚК ОҚО  басшысы  Б.И.Аталықов мырзаға, көшірмесі : «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –ң  бас директоры М.Ж.Ибрагимовқа  хат жолданды. Қосымша: Меншік иесі туралы мәлімет, жылжымайтын мүлікті жария ету шешімі, Жер учаскесіне жеке меншік  құқығын  беретін  акті, техникалық  төл  құжат, арыз, мекеменің  жауабы  қоса тіркелді.

Өздері сайлаған депутаттың -сұранысымен өтінішін тыңдап көмектескені үшін алғыстарын айтып кетті.