1. Халықпен жұмыс

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары — бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспарына сәйкес ақпараттық-үгіт насихат тобымен бірлесе Шымкент қаласында    34  кездесуге қатыстым.  Сайлаушылар алдындағы ұсынылған бағдарламаға сәйкес есеп беру кезеңіне қала және сайлау округі тұрғындарымен 9 кездесу жүргізілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе әр түрлі іс-шаралар бойынша 53 кездесулер өткізілді.

2017 жылдың 22 ақпанында №5 округке қарасты мөлтек аудандарда көшпелі қоғамдық қабылдауын ұйымдастырдым. Қабылдауға 41 азамат  қатысты. Округ  тұрғындарының тарапынан көтерілген 41 сұрақтары, ұсыныстары мен өтініштерін сарапқа салып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында «Отау Строй» ұйымында және көршілес аудан тұрғынадарының қатысуымен 2 кездесу, «Завод «Триумф М.М.С.» ұйымында 1 кездесу өткізіп,  депутаттық тұғырнамада көрсетілген бағдарлардың орындалуы бойынша есеп өткізілді.

Қорытындылай келгенде, қала тұрғындарымен кездесулер  мен келіп түскен арыз, өтініштердің басым бөлігі, жағдайы төмен отбасылар қол жетімді тұрғын үй кезегін алу немесе жылжыту, жер учаскелерінің құжаттарын заңдастыру, жұмыссыздық, және көп қабатты үйлердің жөндеу жұмыстары бойынша.

  1. Депутаттық қызмет (халықтың мәселесін шешуде нақты мысалдар):

Шымкент қаласы, БАМ мөлтек-ауданында орналасқан «Айқап» мешітінің Бас Имамы Анафияев Алимжан Бекболұлының және аудан тұрғындарының өтініші бойынша, 1 700 000тг көлемінде депутаттың жеке есебінен қаржылай көмек көрсетілді. Мешіттің ішкі ауласына 1000 кв.м. тас төсеуіш жайылып, 200 жол жиектері орнатылып, 7 дана L2 науасы сатып алынды.

Әл-Фараби ауданының әкімдігімен бірлесе ардагерлерге көмек көрсету бағдарламаларына белсенді қатыстым: ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып, 100,000 тг көлемінде қаражылай қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың (оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы) іске асырылу барысының тиімділігін арттыру,  бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы бойынша ұсыныстар мен сұраулар, сондай-ақ  мәслихат фракциясымен қабылданған (мақұлданған) басқа да бастамалар, ұсыныстар мен сұраулардың саны бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Үкіметтің жергілікті жерлерде инфраструктура бағдарламаларын іске асыру мақсатында  облыстық мәслихат сессиясында 2 ұсыныс көтеріліп, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілді.

Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен үшінші жаңғырту жаңа даму стратегиясын насихаттау мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспарына сәйкес ақпараттық-үгіт насихат тобымен бірлесе Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесі 79А үй мен Ғ.Омаров көшесі 42 үй тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, олардың айтарын тыңдап, көкейкесті мәселелерімен жақынырақ танысып, оң шешліуіне ықпал еттім. Нақтырақ айтсақ, аталған тұрғын үйде 12 мүгедек жанұяның және де тұрғындардың өтініштері бойынша, аталған тұрғын үйдің жанына балаларға ойын алаңшасын жасау бойынша аудандық әкімшілікпен хабарласып, уақытысында жасалуын қадағалап, жаңа ойын алаңшасы тұрғындарға тапсырылды.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында 2 қоғамдық қабылдау өткізіліп, келген сайлаушылардың көтерген 7 өзекті мәселелері жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен шешілді. 2017 жылдың 22 ақпанында   «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының   көшпелі қоғамдық қабылдауын ұйымдастырдым. Қабылдауға 41 азамат  қатысты. Округ  тұрғындарының тарапынан көтерілген 41 сұрақтары, ұсыныстары мен өтініштерін сарапқа салып, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Атап айтсақ, көтерілген сұрақтар заңсыз алынған немесе сатылған жер мәселелері, оралман қандастарымыздың құжаттарын рәсімдеуі және жағдайы төмен отбасылардың баспана алуға кезекке тұруы, бойынша көтерілді.

Баламалы энергия көздерін дамыту, орнықты энергиямен жабдықтау мәселесі және «жасыл» экономика құру маңызыдлығы мен тиімділігін көрсету және насихаттау мақсатында Елбасының ерекше назарындағы жоба  «ЭКСПО: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне 1510 билет сатып алынды. №5 округке қарасты тұрғындарымыз арасында белсенді азаматтарына және  «Отау Груп» ұйымының таңдаулы қызметкерлеріне ұсынылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік көрсету мақсатында,  280 000 000 тг қаржы бөліп, 2017 жылы 1 маусым «110 орындық арнаулы коррекциялық қос бөбекжай-балабақша» ғимаратының құрылысын бастады, аталмыш орталық 1 жыл көлемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланды.

Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы  және С.Жандосов көшесінің қиылысында көптеген жол апаттарының болу салдарынан, аталған қөше маңында орналасқан үй тұрғындарынан көлік апаттарын алдын алу іс шараларын жүргізу жұмыстары бойынша өтініш келіп түсті. Тиістілігіне байланысты депутаттық сұраныс жолданып, Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан ағаштар жүргізушіге қарсы беттен келе жатқан автокөлікті көруге кедергі болғандықтан, ағаштарды кесу, автокөлік жылдамдығын қадағалайтын   қосымша бейне-бақылау камераларын орналастыру және аталған көше қиылысына бұрылуға арналған қосымша бағдаршам орналастыру іс-шаралары орындалды.

2017 жылы 6 қыркүйек күні Шымкент қаласы, БАМ мөлтек ауданының ақсақалдарымен бірге депутаттық қабылдау өткізілді. Кездесу барысында, БАМ мөлтек ауданының Айқап мешіті орналасқан көшені жарықтандыру және мектепке апарар жолдарды жөндеу мен көпір орнату мәселесі қаралып, тиістілігіне байланысты қала әкімдігіне депутаттық сұраныс жолданды.

2017 жылы 15 қазан күні Шымкент қаласында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафонына демеушілік көрсетіп, 150 000 тенге қаражат бөлінді.

Бұдан бөлек, халықтың мәселесін шешуде мінберлерде сөз сөйлеп, билік пен халық арасын жалғаушы алтын көпір қызметін мінсіз атқарып келеді. Мәселен, ОҚО Прокуратурасы жанындағы үйлестіру кеңесінің, ОҚО Бюджеттік кеңесінің, ОҚО Сараптамалық комиссия мүшесі, «Нұр Отан» ОҚО филиалының мемлекеттік қызмет кеңесінің аймақтық кураторы, Шымкент қаласы әкімідігі жанынан құрылған қамқорлық кеңесі, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қамқорлық кеңесі мен Түркістан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңестің мүшесі болып табылады.   

«Айғақ», «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «ТВК Шымкент», «31», «КТК» телеарналары мен «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкенте», «Оңтүстік Рабат», «Рабат» жәе т.б. бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған жұмыстары, көтерген мәселелері юойынша мақалалары мен сюжеттер жарияланған.