Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Л.Ташимовтың 2018 жылы атқарған қызметі туралы ақпарат

Есеп беру кезеңі ішінде Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы А.Пушкин атындағы мектепте, Шақпақбаба ауылы Бреусов атындағы мектепте, Түлкібас поселкесі Шевцов атындағы мектепте сайлаушылармен кездесулер өтті, олардың барысында ауыз су, электр қуатымен қамтамасыз ету, газдандыру, жол, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салалары объектілерінің құрылысы сияқты мәселелер көтерілді. Осы мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру бойынша депутаттық сауалдар жолданып, тұрақты комиссия отырыстарында, облыстық басқарма басшыларымен, облыс әкімінің орынбасарларымен өткен кездесулерде көтеріліп жүрді.

Атап айтқанда,

1. Түлкібас ауданы әкімдігінің ғимаратын реконструкциялау және жаңа блок салу үшін 497 851 мың тг;

2. Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы А.Пушкин атындағы мектепке 250 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы және пайдаланудағы ғимаратты қайта құру үшін 150000 мың тг ;

3. Түлкібас ауданы Шақпақбаба ауылы Бреусов атындағы мектепке 200 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы үшін 500 мың тг ;

4. Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесіндегі Шевцов атындағы мектепке қосымша корпус құрылысына 500 мың тг;

5. Түлкібас ауданы Рысқұл ауылдық округі Азаттық ауылында 600 орындық мектеп салуға 50000 мың тг;

6. Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі Т.Рысқұлов ауылы Телемұнара мөлтек ауданындағы көшелерді электр жүйесімен қамтамасыз етуге 63928,0 мың тг;

7. Түлкібас ауданы Рысқұл ауылдық округі Шұқырбұлақ ауылы Жангелді, Мәмекбаев көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 29229,0 мың тг;

8. Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округі Тастұмсық ауылы Бірлік көшесіне, Қабанбай ауылы Жаңақұрылыс көшесіне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 19449,0 мың тг;

9. Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылының Жаңақұрылыс көшесіне, Алғабас ауылының Жаңақұрылыс көшесіне, Жәрімбетов ауылының Белгібай көшесіне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 62930,0 мың тг;

10. Түлкібас ауданы Көктерек ауылы Жаңа көшесіне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 11697,0 мың тг;

11. Түлкібас ауданы Азаттық ауылы 15-22 көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 12588,0 мың тг;

12. Түлкібас ауданы Ақбиік ауылы Бірлік, Ынтымақ көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 33233,0 мың тг;

13. Түлкібас ауданы Жабағылы ауылы Е.Жартыбаев, Қ.Тұрғын көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнатуға 21327,0 мың теңге қаржыны облыстық бюджеттен бөлдіруге ықпал етілді.

Сонымен қатар, Машат ауылы Қарауылтөбеде тұратын 4 мектеп оқушысына мектепке қатынауына көлік бөлдіруге көмек көрсетілді.

C:\Users\маслихат\Desktop\отчет2\отпраленные\_DSC1181.JPG

C:\Users\маслихат\Desktop\отчет2\отпраленные\DSC_1358.JPG



Түлкібас ауданы №47 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Тәшімов Лесбектің атқарған жұмыстары туралы мәлімет

 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Л.Тәшімов өз сайлаушыларымен тұрақты да жүйелі түрде кездесіп, олардың  талап-тілектерін, арыз-шағымдарын тыңдап, көтерілген мәселелердің тез, оң шешімін табуына ықпал жасауда.

Кездесуде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерге мұқият қарап, қолынан келген көмегін аямауға тырысады.

Туған өлкесін дамыту жолында табанды қызмет етіп, елге рухани демеу, материалдық көмек көрсетуге үнемі даяр. Өз қаражаты есебінен Абылай ханның ескерткішін тұрғызды.

Өзі сайланған Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсене атсалысып, шешімін табу үшін тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдап, орындалуын өз бақылауына алып отырады.

Мысалы, Түлкібас ауданындағы Пушкин атындағы және Шевцов атындағы жалпы орта мектептерге қосымша 6 сынып бөлмесі мен спортзал, шеберхана, асхана және мәжіліс залының құрылыстарын жүргізуге қаржы қарастыру туралы мәселесі, келесі жылдың облыстық бюджетін қалыптастыру барысында ұсынылатынын, инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген.

Сонымен қатар, осы аудандағы Агробизнес колледжінің базасынан жалға берілген ғимараттан 24 сынып комплектілі, 540 оқушыға арналған жалпы орта мектеп ашуға және штаттық бірліктерді ұстауға, мектеп шығындарын жабуға, материалдық техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлу туралы ұсынысы өз шешімін тауып, облыстық бюджеттен 60000,0 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ, Түлкібас поселкесіндегі жекешелендірілген мәдениет үйін қайтарып, ел игілігіне қолдануға қаржы бөлу туралы ұсыныс бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзі сайланған ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында, мектептер құрылысына қаржы бөлу, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді асфальттау, электр жарығымен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша тиісті мекемелерге депутаттық сауалдар жолдап, олардың орындалу барысын өз бақылауында ұстап, мүмкіндігінше оң шешілуіне өз ықпалын тигізуде.

Депутат ретінде қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткізіп, тұрғындардың арыз-шағымдарының уақытылы шешілуіне баса назар аударып, олардың орындалуын бақылауға алып отырады.