Есеп беру кезеңі ішінде жергілікті жерлерде сайлаушылармен кездесулер өтті, олардың барысында ауыз су, электр қуатымен қамтамасыз ету, газдандыру, жол, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салалары объектілерінің құрылысы сияқты мәселелер көтерілді. Осы мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру бойынша депутаттық сауалдар жолданып, тұрақты комиссия отырыстарында, облыстық басқарма басшыларымен, облыс әкімінің орынбасарларымен өткен кездесулерде көтеріліп жүрді.

Жолданған депутаттық сауалдардың нәтижесінде бірқатар мәселелер өз шешімдерін тапты. Атап айтқанда, мысалы:

Төлеби ауданындағы «Қарамұрт-Сарқырама» 0-6,9 шақырымындағы КХ-32 автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 25 000 мың теңге қаржы қарастырылды;

Төлеби ауданының Зертас ауылдық округінің аумағынан облыстың маңызы бар КХ–111 «Зертас–Ленгер» (Зертас елді мекенінің Еламан–Сауран көшесі) автожолының 0+300 шақырымындағы көпір мен 0-1,5 шақырымдағы жүргіншілер аяқжолын орташа жөндеу жұмыстарына тиісінше, 12 831 мың теңге және 27 798 мың теңге бағытталды.

Төлеби ауданы, Жоғары Ақсу ауылдық округі, Сарықырама елдімекеніне ауыз сумен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 2018 жылға 20 000 мың теңге жоспарланған, ал қосымша 20 000 мың теңге қарастырылуда. (Жалпы құны — 187 654 мың теңге).

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

C:\Users\маслихат\Desktop\Тольтебаев\DSC_1272.JPG

C:\Users\маслихат\Desktop\Тольтебаев\_DSC1183.JPG C:\Users\маслихат\Desktop\Тольтебаев\DSC_1354.JPG

 

 

 



№44 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты М.Төлтебаев өзі сайланған округі Төлеби ауданы, Жоғарғы Ақсу ауыл округіне қарасты Сарқырама елді мекені тұрғындарының тұрмыс-жағдайларын жақсартуға ауықымды жұмыстар атқарып келеді.

Ауылдағы мал фермасын талан-таражға түсірмей сақтап, бүгінгі күнге 600 бас ірі қараның басын көбейтіп ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен бірге, ауылға мешіт, балабақша, шаштаразы, қымызхана, спорт алаңшасын соғып, ауыл тұрғындарына күнделікті тұрмысқа қажетті жағдайларын жасаған. Тоқырау заманында қираудың аз-ақ алдында тұрған мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, бүгінгі күнге түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып өткізіледі.

Алдағы атқаратын жұмыстары бойынша 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өз ұсыныстары беріп, жоспарларға енгізуге ат салысып келеді.