1. Созақ ауданындағы бірқатар елді мекеннің ауыз су мәселесін шешу туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мәжілістерінде көтеріп, атқарушы органдарға депутаттық сауал жолдап, нәтижесінде Қайнар, Абай, Шаға, Раң елді мекендерін сумен қамтамасыз ету құрылыстарына қарастыруға ықпал етіп, 2018 жылға 165 млн. теңге, 2019 жылға 438,2 млн. теңге облыстық бюджеттен қаражат қарастырылды. Аталған нысандардың құрылысын 2019 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
  2. 2018 жылы Балтысу елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысын жүргіздім, 2019 жылы пайдалануға беріледі.
  3. Созақ елді мекеніндегі №1 колледж ғимараты құрылысына қаражат бөлуге тиісті атқарушы органдарға ұсыныс беріп, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мәжілістерінде көтеріп, облыстық бюджеттен 642 млн.теңге бөлуге ықпал еттім, нысан 2018 жылы аяқталып, пайдалануға берілді.
  4. 2019 жылға осы колледжге 200 орындық жатақхана құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 14,7 млн. теңге бөлуге ұсыныс бердім, облыстық бюджеттен қаражат жоспарланды.
  5. Шолаққорған ауылындағы 300 орындық А.Молдағұлова атындағы мектептің құрылысын 2019 жылы бастау үшін облыстық бюджеттен 150 млн.теңге жоспарлауға ықпал еттім.
  6. Созақ ауданында АГТС бар магистралды газ құбыры-тармағын салуға облыстық бюджеттен 1 023,1 млн. теңге жоспарлауға ықпал еттім.
  7. 2019 жылы 350 басқа арналған мал бордақылау кешені құрылысын салуды қолға алмақпын.
  8. Созақ ауданындағы қылмыс деңгейі алаңдатқандықтан, оларды азайту бойынша атқарылған іс-шаралар туралы, жастар арасында болған қақтығыс салдарынан жасөспірімнің қаза болуы туралы ақпараттар беру туралы аудандық ішкі істер бөліміне хат жолданды.

Тұрысбеков Мағауия



«Нұр Отан» партиясы Созақ ауданы бойынша филиалынын қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау

Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінде өткен «Ардагерлерді ардақтайык!»  атты мерекелік іс-шараны өткізу барысында