ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров пен Түркістан облысының депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков «Қаражон» елді мекен тұрғындарымен кездесуде

 

 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров пен Түркістан облысының депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков «Балтакөл» елді мекен тұрғындарымен кездесуде

 

 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровпен Түркістан облысының депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков «Маяқұм» елді мекен тұрғындарымен кездесуде

 

 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров пен Түркістан облысының депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков «Балтакөл» елді мекен тұрғындарымен кездесуде

 

 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровпен Түркістан облысының депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков. ХҚТУ-нің Президентімен бірге



Облыстық мәслихат депутаты Мұсабеков Базарбай Зубайдуллаұлының

2017 жылы атқарған жұмыстары туралы

2017 жылы тұрақты түрде сайлаушылармен кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерде сайлаушылар тарапынан ел ішіндегі өзекті мәселелерге байланысты көптеген ұсыныстар мен өтініштер ауызша және жазбаша түрде білдіріліп, олардың оң шешімін табуына ықпал жасалды.

Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 500 билет сайлаушыларға тегін таратылып, билет иелерин ЭКСПО-2017 көрмесіне баруын қамтамасыз етілді.
Ауыл округтерді көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін шешуге ықпал жасалды.

Түркістан қаласындағы «Мектепке барар жол» атты акциясына катысып тұрмыстық жағдайы төмен оқушыларды мектеп формаларымен камтамасыз етілді.

Құрбан айт мерекесіне мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетілді.

Республикалық және облыстық деңгейде тілшілерге интервьюлар беріліп, сессиялар мен конференцияларда баяндамалар оқылып, әлеуметтік желілерде және газет беттерінде мақалалар тұрақты жарық көреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары — бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» және «Нұрлы жол» бағдарламаларын түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспарына сәйкес ақпараттық үгіт-насихат тобымен бірлесе Отырар ауданының Балтакөл, Көлқұдық, Көктөбе, Маяқұм, Көксарай  елді мекендерінде 5834 тұрғын қамтылған  кездесулерге қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының  кезектен тыс ХХХІІ конференциясы аясында, елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бекітілген 6 арнайы жобаның  яғни,  «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа есім» жобаларын,  қазіргі таңда қоғамда кең талқыланып отырған латын қарпіне көшу бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласын суармалы сумен қамтылуын ұлғайту мақсатында Сырдария өзенінен машиналық әдіс арқылы Түркістан магистралды каналына су беру, Бәйдібек ауданындағы Боралдай өзенінде Қостұра су қоймасын салу және Түркістан магистралды каналының IV кезеңін іске асыруға және Республикалық бюджеттен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Түркістан магистралды каналын ПК0-00 ден ПК37+70 дейін реконструкциялау жобасын іске асыру мақсатында құны 500 млн. теңгелік жобасын іске асыруға     ықпал жасады.

Түркістан қаласындағы 2017–2018 оқу жылындағы «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық  акциясының аясында Б.Мұсабековтің демеушілігімен  Түркістан қаласындағы бірнеше  жалпы орта мектептерінде (№21, Қ.Сәтпаев,   №31 Абай, №17 Атаүрік, М.Мәметова, Ж.Жабаев, Т.Бигелдинов, Әл-Фараби,             №14 ЖОМ) білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға толық киім-кешекпен қамтуға демеушілік жасады.

Қасиетті ай саналатын ораза ұстау айында қаладағы әрбір мешітке жыл сайын ауыз-ашар ұйымдастырылады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне қаладағы әр мөлтек ауданға қаржылай жәрдем беріледі. Сондай-ақ «Бекзат», «Шавгар» мөлтек ауданында өтілген дәстүрлі үлкен іс-шара «Наурыз» мерекесін өткізіп, ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Ремзауыт аймағындағы           А.Тоқмағанбетов және Құрмағазы көшелерінің тұрғындарының өтініші бойынша аталған көшелерге орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлдіруге депутаттық сауал жолдады. Қазіргі таңда сметалық  құжаттары  әзірленуде.

«Жаңа жылдық шырша» мерекесі аясында 500 оқушыға жеке қаражаттымнан сыйлақтар табыс еттім. Сондай-ақ, Түркістан қаласының асыраушысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыны және 25 жетім баланы өз қамқорлығыма алып оларға қаржылай және материалдық көмек көрсетіп келемін.