Депутаттың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

  1. Партиялық жобаларды іске асыру

Халқымыз қашан да қарысын құрметтеп, жастарына қолдау көрсетіп келген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет деп те бекер айтпаған. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына бастауыш партия ұйымында жасы үлкен кісілерді, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлерін құрметтеу, оларға сый-құрмет көрсету ешқашан назардан тыс қалмай, тұрақты түрде олармен кездесулер өткізіледі. Мереке күндерінде оларды салтанатты жиындарға шақырылып, құрмет-қошемет көрсетіліп , сый-сияпат беріліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Олардың өмірден алған ұлағатты сөздерін жастар тыңдап, олардан үлгі алады. Одан бөлек олардың үйлеріне барып мерекелерімен құттықталады.

«Біздің  ауыл»  жобасы  аясында ауылда  ағаш  және  гүл  көшеттерін  отырғызу, көгалдандыру  және  абаттандыру жұмыстары  жүргізілді.

«Жастар — Отанға»  жобасы  аясында «Жас  Отан – жастар қанаты»  қатарына  жастарды  тарту  жұмыстары жүргізілді және  спорттық,  мәдени   іс-шаралар  өткізілді.

«Кедергісіз келешек» жобасы  аясында мүмкіндігі шектеулі 4 азаматтың жұмысқа орналасуына  ықпал жасалды. Аз қамтамасыз етілген 10 отбасыға депутаттың өз есебінен материалдық және қаржылай көмек көрсетілді. Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне өз қаражаты есебінен 500 билет сатып алынып, сайлаушыларға сыйлыққа тартылды.

 

«Бақытты отбасы» жобасы аясында ата-аналармен «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ауқымды семинар өткізілді.

«Айқын тариф» жобасы аясында Ескі Иқан ауылында «Өңірлерді дамыту» — 2020 бағдарламасы бойынша жол және аяқ жолдардың салынуына, балабақшаның күрделі жөндеуден өткізілуіне, сонымен қатар жарықтандыру жұмыстарының аяқталуына байланысты құрылған комиссия құрамында болып, жұмыстың сапасына бақылау жүргізілді.

  1. Мемлекеттік және партияның бағдарламалық құжаттарын тұрғындарға түсіндіру жұмысына қатысуы

Бүгінгі таңда барлық табыстың кілті – құқықтық сауаттылықта екендігі белгілі. Сондықтан халық қалаулысы өз сайлаушыларының арасында қабылданып отырған барлық Мемлекеттік бағдарламаларды назардан тыс қалдырмай, дер кезінде оқып-үйреніп, халыққа үнемі насихаттап барады. Атап айтқанда, 2017 жылдың 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі конституциялық реформалар жобасын талқылау жиналысы өткізілді. Жиналысқа 115 адам қатысып, баяндамалар оқылып, жарыссөз өткізіліп, оларға реформалар туралы толық әрі қарапайым тілде түсіндірілді. Конституциялық реформалар жобасына бір ауыздан қолдау білдірілді. Жиналысқа барлық салалардан әр түрлі мамандық иелері қатысып, үлкен әсер алғандарын айтып, бастауыш партия ұйымына, депутатқа өз ризашылықтарын білдіріп,  алған мәліметтерін көпшілікке насихаттайтын болды.

2017 жылы 7 ақпан күні мемлекетімізде қабылданып отырған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, азаматтарды уақытша тіркеу мәселелерін түсіндіру және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысын дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын үйрену және талқылау жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Қазақстанның Тұрғын-үй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ Түркістан қалалық филиалы қызметкерлері арнайы келіп қатысып, көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жалпы жиналысқа 82 адам қатысты және қабылданып отырған мемлекеттік бағдарламалар  егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әсіресе ауыл тұрғындарын «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» қабылдануы қатты қуантты. Олар алдағы уақытта қандай дақылдарды жетістіру тиімді болатынын білді.

2017 жыл 9 ақпан күні 129 адамның қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын үйрену және насихаттау жиналысы өткізілді. Үндеу және Жолдау қызу талқыланып, баяндамалар оқылып, белгіленген мақсаттар мен міндеттер туралы халыққа түсіндірілді.  Алдағы уақытта әркім өзі атқаруы тиіс болған міндеттер туралы білді. Жиналыс қатысушылары өздерін ойландырған сұрақтарына бастауыш партия ұйымы және облыстық депутаттан тиісті жауаптарын алды.

2017 жылдың 18 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  12 сәуір 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын үйрену, насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыс болып өтті. Жиналысқа 78 партия мүшесі қатысып, мақалада көрсетілген мақсаттармен міндеттер туралы кеңінен түсінікке ие болды. Елбасымыздың бұл мақаласы баршамызды рухани тұрғыдан жаңаруға, ескіріп кеткен, кеңес заманынан қалған консервативтік ойлардан арылуға бастайтыны көпшілікті қуантты.

  1. Саясат құжаттарды іске асыру үшін халықпен кездесулер мен маңызды іс-шаралар барысында Презентациялар

Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасындаі «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуының нәтижесінде, Тәуелсіздіктің және дер кезінде қабылданған бағдарламалардың нәтижесінде мемлекетіміз қарыштап дамып, еліміз бірлік пен келісім, ырыс пен ынтымақта  бақытты ғұмыр кешуде. «Нұр Отан» партиясы Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымының бөлмесінде аптаның әр сәрсенбі күні қоғамдық қабылдау жүргізіліп, азаматтардың мәселелері қаралады. 2017 жылда 47 қабылдау жүргізіліп,162 азаматтың мәселесі қаралды. Азаматтардан келіп түскен өтініштер қаралып, тиісті орындарға депутаттық сұрақ жіберіліп, көптеген мәселелер оң шешімін тапты. Атап айтар болсақ, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Қ.С.Құлажановқа Түркістан қаласы Оранғай ауылында 200 орындық бір жаңа мектеп құрылысын жүргізуді бір топ сайлаушылардың өтініштері бойынша сұранып, депутаттық хат жолданды.  Оранғай ауылындағы жаңа  мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталуы күтілуде.

Қосқорған ауылына бір топ сайлаушылардың өтініштері бойынша 200 орындық бір мектеп ғимаратын салуды сұранып, облыстық білім басқармасы басшысының атына депутаттық хат жолданды. Нәтижесінде Қосқорған ауылында 200 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып жатыр, үстіміздегі жылы пайдалануға тапсырылуы күтілуде.

Шаға ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінде 300 орындық бір мектеп ғимаратын салуға ықпал жасауды сұранып, депутаттық хат жолданды. Ынтымақ ауылында 300 орындық жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, экспертизадан өтіп, барлық тиісті құжаттар дайындалып, облыс басшыларына депутаттық сауал жолданып, 2018-2020 жылғы Республикалық бюджетке енгізілді.

Түркістан облыс әкімшілігіне Ескі Иқан және Достық елді мекендерінде сайлаушылардың өтініші бойынша  жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал жасауын сұранып, депутаттық хат жолданды. Оған тиісті жауап келді,  іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облыс әкімінің орынбасары Ұ.С.Сәдібековке Түркістан қаласы Жаңа Иқан елді мекеніндегі «Ақ көгершін» балабақшасынан сайлаушылардың өтініші бойынша  қосымша бір топ ашуды сұранып,  депутаттық хат жолдадым.  Мәселе оң шешімін тапты, бірақ балабақшаның материалдық-техникалық базасы жетіспеуіне байланысты кейінге қалдырылды.

Түркістан облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға және Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Байғұт Нұрлан Мархабатұлының атына ұзындығы 24,7 шақырымды құрайтын «Ескі Иқан-Ибата-Ойық» тас жолын күрделі жөндеуден өткізуді сұранып депутаттық хат жолданды. Нәтижесінде жол күрделі жөндеуден өткізіліп, халық бірнеше жылдан бері күткен үміттеріне қол жеткізді. Алыс жолдары жақын бола түсіп, халық дән риза болып отыр.

Күрделі жөндеу жүріп жатқан кезде жолда жұмыс істеп жатқан жұмысшылармен кездесіп, жағдайларынан хабар алынды. Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, бұл істердің бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып жатқаны айтылды.

Түркістан облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Байғұт Нұрлан Мархабатұлының атына ұзындығы 28,8 шақырымды құрайтын «Қазақстанның ХХХ жылдығы-Шаға-Қосқорған-Оранғай» автомобиль жолын аталған елді мекеннің бір топ  сайлаушыларының өтініштері бойынша күрделі жөндеуден өткізуге ықпал жасауын сұранып депутаттық хат жолданды. Облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, 19 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді, жұмыстың қалған бөлігі алдымыздағы жылы өз жалғасын табады деп күтілуде.

2017 жыл 11 сәуір күні Оранғай және Бостандық ауылындағы сайлаушылармен кездесіп, Бостандық ауылының бір аздан бері шешілмей келген жарық мәселесін тиісті органдармен кездесіп, облысқа жеткізіліп, мәселе оң шешімін тапты. Сол кезге дейін тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машиналары күйіп кетіп, компьютер, ұялы телефон секілді тұрмыстық заттардан пайдалана алмай отырған халық сапалы жарықпен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек  2017 жыл 21 сәуір күні Ескі Иқан ауылындағы «Нұр Отан» партиясы  Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымының кабинетінде қалалық мекеме басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға әлеуметтік мәселе, жер мәселесі, жарықтандыру мәселесі, ауыз су мәселесі және жеке мәселелерімен келген 16 тұрғынның өтініштері қаралып, оларға тиісті жауаптар берілді, көптеген мәселелер оң шешімін тапты.

2017 жылдың 7 маусым күні Ескі Иқан ауылындағы «Нұр Отан» партиясы Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымының және депутаттық қабылдау кабинетінде ауылдық және қалалық мекеме басшыларының қатысуымен депутаттық қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауда  Ескі Иқан және Достық елді мекен тұрғындары болып, олардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді, көптеген мәселелер оң шешімін тапты.

Ескі Иқан ауылында 600 орынға жоспарланып отырған жаңа мектеп ғимаратына Мемлекеттік акт алынып, АПЗ құжаттамасы дайындалуда.

Достық елді мекені тұрғындарының өтініштеріне сәйкес тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бағасы 16 млн. теңге тұратын су тазалайтын  фильтр осы жылдың соңына дейін орнатылатын болды.

Түркістан қаласы №17 сайлау округіне қарасты Ортақ елді мекені бір топ сайлаушылардың өтініштері бойынша Ортақ елді мекені Майкотов көшесіндегі жолдың екі жағына аяқ жол салуды және жарық жүргізуді өтініп, Түркістан қаласы әкімінің атына депутаттық хат жазылды. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, аяқ жол салынды. Жаяу жүргіншілер бұрынғы лай жолдардан жүріп, батпақ кешуден құтылды. Ендігі кезекте сол көшеге жарық жүргізу жоспарлануда.

Ал, Достық елді мекені тұрғындарының өтініштері бойынша облыс басшыларының атына бір неше рет депутаттық сауал жолданып, нәтижесінде  кіші жарық стансасы салынып, 2017 жылдың 22 қараша күні іске қосылды. Станса қаншама шаңырақтың ішін жарық нұрға толтырды.

Ескі Иқан елді мекенінде 3 шақырымнан астам қашықтықтан мектепке қатынап оқитын оқушыларды 2 бағытта тасымалдау  ұйымдастырылып, алдымыздағы жылдың қаңтар айынан бастап оқушылар тасымалы басталады.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымы және депутаттық қабылдау бөлмесінде қалалық семинар өткізіліп, 24 бастауыш партия төрағалары, төраға орынбасарлары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

№17 сайлау округіндегі ауыл әкімдерімен кездесулер өткізіп, халықтың жағдайы туралы сұрап, біліп, құзырлы органдар мен бірге көмек беріліп отырылады.

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты З.Чалданов, қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Б.Құлжановпен  2017 жылдың кестесіне сәйкес азаматтардың арыз-өтініштері бойынша  қабылдау үстінде. Қабылдау кестесі: 15.03.2017, 22.06.2017, 21.09.2017, 25.12.2017 күндері.

Түркістан қаласы Оранғай ауылдық округі сайлаушыларымен кездесіп, сұхбат өткізілуде.

Түркістан қаласы Шаға ауылдық округі сайлаушыларымен кездесіп, олардың өтініштері қабылдануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде спорт кешенінің ашылу салтанатында сөз сөйлеуде.

Шаға ауылдық округі сайлаушыларымен кездесіп, оларға  атқарылған және алда атқарылатын депутаттық жұмысы туралы мәлімдеме жасауда.

Түркістан қаласы Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекені сайлаушыларымен сұхбаттасуда

Түркістан облыстық білім беру департаменті алқа мәжілісінің мүшесі ретінде, Түркістан облыстық дін істері жөніндегі департаменттің кеңес мүшесі және Түркістан қаласының дін істері бойынша кураторы ретінде, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы облыстық білім беруді сараптау комиссиясының мүшесі және сол комиссия төрағасының орынбасары ретінде атқарып жатқан жұмыстары мен Түркістан облысындағы «Б» корпусы Мемлекеттік қызметкерлерінің  білім беру саласы қызметкерлерін аттестациядан өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сол еселі еңбегі ескеріліп, З.Чалдановқа 2017 жыл Түркістан қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

  1. Заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар

Оқулықтардың сапасын жақсарту туралы ҚР Парламентіне ұсыныс жіберілген.

  1. Ақпараттық кеңістіктердегі жұмысы

Депутат тарапынан Республикалық және облыстық деңгейде тілшілерге интервьюлар беріліп, сессиялар мен конференцияларда баяндамалар оқылып, әлеуметтік желілерде және газет беттерінде мақалалар жарық көрді.

2017 жылы 26 сәуірде Астана қаласында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасымыз Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында журналистерге интервью беруде.

Жеке fasebook  әлеуметтік желісінде мақалалары, атқарып жатқан жұмыстары, өткізілген кездесулер жарияланып тұрады.

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы жанындағы  ОҚО білім беру саласына сараптау комиссиясының жиналысына төрағалық етуде.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясында Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасауда.

«Нұр Отан» партиясы  Түркістан облыстық филиалында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру жиналысында жарыс сөзге шығып, пікір білдіруде.

Көрші Өзбекістан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арнап өткізілген іс-шараға  делегациясы құрамында болып қатысып келді.

 

 

 

2017 жылдың 29 желтоқсан күні Өзбекістан Республикасы «Жоғары мажілісінің» вице-спикері бастаған  бір топ депутаттардан құралған делегация  арқа төсі Астанадан Қызылордаға, кейін Түркістан қаласына арнайы іс-сапарымен келді. Қасиетті Түркістан жерінде қала басшыларымен кездесу өткізілді және  Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат жасалды.

Одан кейін Шымкент қаласында облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевпен кездесу болып өтті. Кездесуде ұлттық татулық мәселесіндегі келіссөздер сәтті жүзеге асырылып, қонақтар құрметпен шығарып салынды.