Шымкент қаласы № 10 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Көмекбаев Абай  Әбдіманапұлының  2005 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты А.Ә.Көмекбаев өз сайлаушыларымен тұрақты да жүйелі түрде кездесіп, олардың  талап-тілектерін, арыз-шағымдарын тыңдап, көтерілген мәселелердің тез, оң шешімін табуына ықпал жасауда.

Кездесуде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерге мұқият қарап, қолынан келген көмегін аямауға тырысады.

Мысалы, сайлау округіндегі 5 жалпы орта мектептің құрылыс нысандарын жүргізуге атсалысып, қазіргі уақытта 3 мектептің, Қайнарбұлақ елді мекенінде 1200 орындық, «Достық» шағын ауданында 1200 орындық мектептердің құрылыс нысандары толық аяқталып және «Ақжайық» шағын ауданында №59 мектепке қосымша 600 орындық ғимарат салынып, осы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Бозарық елді мекеніндегі 900 орындық, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Бозарық елді мекенінде емхана салынып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Газ, су құбырлары тартылып, көше жолдары жөндеуден өтіп, қазіргі уақытта жоғары вольтты қосалқы электр станциясы салынуда.

Қайтпас-1, Ақжайық, Самал-3, Самал-4 елді мекендерінің тұрғындарының өтініші бойынша кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі уақытта Қайтпас-1 елді мекенінде толық кәріз жүйелері жаңартылып, негізгі жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда кәріз жүйелерін тұрғын үйлерге жалғау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Қайтпас елді мекеніндегі Ахынов, Ахметбаев, Түзелбаев көшелеріне асфальт төселіп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасыларына және мүгедектерге материалдық  көмек көрсетіліп, 1 қыркүйекке қарсы тұрмысы төмен отбасылардың балалары оқу формалары мен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Депутат ретінде қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткізіп, тұрғындардың арыз-шағымдарының уақытылы шешілуіне баса назар аударып, олардың орындалуын бақылауға алып отырады.