Халықпен жұмыс

Есеп беру кезінде сайлаушылармен 11 кездесу өткізілді. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, «Кедергісіз болашақ», « Мықты бизнес-қуатты мемлекет», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық», «Сәтті қадам», «Біздің ауыл», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел», «Айқын тариф», «Stop қылмыс» атты партиялық жобалардың іске асырылуы бойынша мәселелер талқыланып, сайлаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Нұр Отан» партиясының кестесіне сәйкес 7 рет азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді. Жеке қабылдау барысында тұрғындардың басым көпшілігі коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Ынтымақ-2, Көкбұлақ, Қызылжар, Солтүстік саяжай, Жаңаталап шағын ауданының халқын жол, сапалы ауыз су, электр жүйелері және табиғи газ мәселелері, Самал-3, Солтүстік саяжай тұрғын алабында  – электр энергиясы, Қызылжар, Көкбұлақ ауылдарын ауыз су мәселелерін және Қызылжар шағын ауданындағы 900 орындық мектеп салу мәселесі көтерілген. Бұл мәселелер бойынша құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

 

Депутаттық қызмет

2017 жылдың 9 айында төмендегідей депутаттық ұсыныстар жолданды:

  1. Шымкент қаласы, Абай ауданы «Көкбұлақ» елдімекенінің тұрғындары Қ.Акимкулов пен т.б. Барлығы 6 адам ұжымдық өтініші негізінде Жаңаталап тұрғын алабындағы 17-шақырым мәселесімен «Көкбұлақ» елдімекенінде Оспан Кәде көшесі мәселелері бойынша Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовқа;
  2. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап аумағына қарасты Қызыл жар тұрғын алабының тұрғындарының ұжымдық арызында (А.Амиртаев, А.Қаныбеков, барлығы 31 тұрғындар) «Қызылжар» ауылында сапалы ауыз судың жоқтығы мәселесі негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа;
  3. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ мөлтек ауданы тұрғындарының ұжымдық арызында (Б.Есенбаев, Супибеков, А.Муратов және барлығы 137 тұрғындар) Ынтымақ мөлтекауданында сапалы ауыз су, асфальт жол жүргізіп беруін және мектеп пен бала-бақшаға арналған жерлерді біреулер жалға алып, жылыжай салып, ол жерден шыққан күл-қоқысты айналаға тастап ластап жатқандығын жылыжай иелеріне шара көруін сұраған арыз негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа;
  4. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Игілік елдімкенінің тұрғыны И.Сүлейменовтың маған жолдаған өтінішінде төмендегідей мәселелер көрсетілген. Атап айтқанда:

— «Игілік» елдімекеніне 2011 жылы тартылған су құбырларынан сапасыз су ағуы және сапасын жақсарту үшін тиісті шаралар қолданылуы;

— Елдімекен қала аумағына енгізілуіне байланысты медицина мекемелері алшақ қалып, тұрғындарға қиындықтар туғызуда. Бүгінде халықтың көбеюіне байланысты аталмыш ауылда аурухана да, дәрігерлік-фельдшерлік тірек құрылысын салу;

— Жергілікті тұрғындардың, жасөспірімдердің спортпен айналысуына спорт алаңшалары қолжетімділігінгін арттыру үшін нысандар салу;

— Игілік елдмекені қалаға қосылса да бағытты көлік мәселесі бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Сол себепті қалаішілік қосымша бағыттардың ашу;

— Елдімекендегі №82 Қ.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебіне оқушылардың баратын талапқа сай аяқ жолдарды салу және ауыл арасындағы көшелерді асфальттау арызы негізінде ОҚО әкімі аппаратының басшысына;

  1. Шымкент қаласы Абай ауданы, Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғыны, «Көкбұлақ» өндірістік кооперативі төрағасы Қ.Сманның жолдаған өтінішінде «2016 жылы елдімекендегі Ағыбет ата және Жангелді батыр көшелерін (қазіргі заманның талабына сай жаяу жүргіншілерге арналған жолдары бар етіп (тротуар) күрделі жөндеуден өткізіп, асфальт жолдарын салуға көмек сұрап жазған хаты негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға;
  2. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңа Тұрлан шағын ауданының тұрғындары, Жаңа Тұрлан ш/а әйел-қыздар қоғамының төрайымы Х.Буранкулова мен Х.Қаратаева өздерінің өтінішінде Жаңа Тұрлан шағын ауданында көгілдір отын мен таза ауыз су жүргізу ұсынысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа;
  3. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының тұрғындары, ауыл төрағасы С.Қырықбай мен М.Жиенбеков және тағы басқа ауыл азаматтары өздерінің өтінішінде Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына газ беру ұсынысы негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа;
  4. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданының тұрғындары, ауыл биі Б.Байжанов пен Ж.Елтаев өздерінің өтінішінде Қызылжар шағын ауданында мектеп салуды ұсыныс көтерген болатын. Осы арыз негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға;
  5. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданының тұрғындары, ауыл биі Б.Байжанов пен Ж.Елтаев өздерінің өтінішінде Қызылжар шағын ауданында Құртаев көшесінің бойына аяқ жол салу жөнінде көтерген ұсыныс бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға;
  6. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тұрлан шағын ауданында ақпан айының 3-і күні халықпен кездесу барысында, Абай ауданы Тұрлан шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер мен жеңіл автокөліктердің Шмидта көшесінен Түркістан тас жолы көшесіне шығатын кері айналма жолдың ұзақ болуына байланысты, аталған көшелердің қиылысынан жол ашу мен бағдаршам орнатуға ұсыныс айтқан болатын. Осы хат негізінде ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының басшысы Н.Байғұтқа;
  7. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы «Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға  байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың басталуы туралы» №2002 қаулысы негізінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Кушеровке ұсыныс хаттар жолданды.

Бұдан бөлек, халықтың мәселесін шешуде мінберлерде сөз сөйлеп, билік пен халық арасын жалғаушы алтын көпір қызметін мінсіз атқарып келеді. Мәселен, Дулат Назарбекұлы ОҚО Қоғамдық Кеңесінің, ОҚО Прокуратурасы жанындағы үйлестіру кеңесінің, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

2016 жылы мамыр айында РФ Калуга облысында Ұлы Отан соғысы жылдары із-түссіз кеткен жерлесіміз Мақаш Тәжібаевтың сүйегін туған жерге алып келіп, «Даңқ» мемориалында қаралы митинг өткізіп арулап жерлеуіне атсалысты. Яғни, осы игі шара негізінде кейінгі ұрпақтың бойына патриоттық сезімін ұялатып, отансүйгіштік қасиетін арттыруға сеп болды.

Өткен жылдың шілде айында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағын топан су басып 700-ге жуық адам зардап шеккен болатын. Осы ретте, атажұртта қалған қандастарымызға Түркістан облысы алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек көрсетті. Сол кезде Түркістаннан аттанған делегацияны шетелге мәслихат депутаты Дулат Әбіш бастап барды. Онда қандастармызға моральдық және материалдық қолдау көрсетілді.

Өткен жылы Тәжікстан мен Қазақстан Республикаларының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Қос елдің ширек ғасырлық егемендік тойы аясында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына ресми іс-сапармен барған Түркістандық делегацияның құрамында болған мәслихат депутаты Д.Әбіш бірлігі жарасқан екі елдің мызғымас достығының куәсі болып қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ»  телеарнасының түсірілім тобы үстіміздегі жылдың шілде айында Грузия мемлекетіне сапар жасады. Екі елдің достастық үлгісін насихаттауға бағытталған фильм Оңтүстік жұртшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Сондай-ақ, «Ұлы дала керуені», «Қасиетті Қазақстан» жобалары бойынша  қазан айында Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау  облыстарындағы Қазақстанның 100 киелі орындарына телеэкспедиция жасалды.