ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2018 жылғы 21 қарашада сағат 11:00-де «Versal» бизнес орталығы ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2, (2-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 21 қарашада сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

Түркістан қаласына қоныс аударған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды  жалға алу төлемдерінің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 Облыстық мәслихат хатшысы                                                    Қ. Балабиев