Жылдық жоспар

Түркістан облыстық
мәслихатының 2018 жылғы
12 желтоқсандағы № 33 / 362-VI
шешімімен бекітілген 

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

I тоқсан

1. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2018 жылғы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі

 

кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссия

2. Түркістан облысы бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру және табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы

 

бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия

3. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі

 

бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия

4. Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі

 

облыстық мәслихат хатшысы

II тоқсан

1. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, ормандарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы жөніндегі есебі

 

аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия

2. Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

 

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия

3. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері

 

бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия

III тоқсан

1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі

 

бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия

2. Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

 

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия

IV тоқсан

  1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
 

бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия

2. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы

 

мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия