Біз Сізбен Түркістан облыстық мәслихатының ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз!

Сайт Сізге мәслихат қызметі туралы жан-жақты еркін ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Бұл жерден Сіз жергілікті өкілді органдардың өкілеттігі және құзыреттері жайлы біле аласыз, облыстық мәслихаттың сапалық құрамымен, оның депутаттарының өмірбаяндық деректерімен, тұрақты комиссияларының құзыретімен, дербес құрамдарымен және жылдық жоспарымен, облыстық мәслихаттың жоспарларымен және жұмыс Регламентімен, қолданыстағы құқықтық актілермен және облыстық мәслихат қабылдаған басқа да шешімдермен таныса аласыз.

Мәслихат сайтында жергілікті өкілді органдардың құрылғанына 25 жыл толуына орай Түркістан облыстық мәслихатының құрылу тарихын, оның жаңа дербес мемлекет – егемен Қазақстанның қалыптасуына қосқан едәуір үлесін, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңдегі мәслихаттың қол жеткізген жетістіктерін баяндайтын «Түркістан облыстық мәслихаты: тарих белестері және жарқын жеңістер» атты электронды кітап орналастырылды.

Сонымен қатар, сайт облыстың Құрметті азаматтары мен облыстық мәслихаттың барлық шақырылымдарының депутаттары, аудандық, қалалық мәслихаттар  туралы деректермен толықтырылып отыр.

Сайт беттерінен Сіз облыстық мәслихатқа келушілерді қабылдау кестесін, облыстық мәслихаттың лауазымды тұлғаларының және оның аппараты қызметкерлерінің қызметтік телефондары нөмірлерін біле аласыз. Егер Сіздің облыстық мәслихаттың және оның депутаттарының жұмыстары бойынша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Сіз оны сайттың «Сұрақ қою» блог-тұғырнамасында қалдыра аласыз.

Құрметпен, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы