Төлеби ауданы

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Төлеби ауданы Леңгір қаласы Айтекеби көшесі №28 үй,

Байланыс телефоны: (8725-47) 6-20-88, 6-10-72; электронды почта: Tolebi_maslihat@mail.ru

Аудандық мәслихат депутаттарының саны – 17

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

1) Бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссия. Комиссия құрамында 6 депутат;

2) Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия. Комиссия құрамында 5 депутат;

3) Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия. Комиссия құрамында 5 депутат.

Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы — аудандық мәслихат хатшысы

Туылған күні, айы, жылы: 18.05.1964 ж.

Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінде дүниеге келген. Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша және Алматы Экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолында прокуратура және ішкі істер органдарында қызмет атқарған. 2009 жылы ОҚО Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып, полковник шенінде зейнеткерлікке шыққан.

Байланыс телефоны: (8725-47) 6-20-88

Абдрахманов Айбек Беглашұлы — аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Туылған күні, айы, жылы: 11.03.1959 ж.

Төлеби ауданы Зағамбар ауылында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы саласында, жергілікті атқарушы органда жұмыс істеген.

1994-2005 ж. Төлеби аудандық мәслихатының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі болып,

2005 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Төлеби аудандық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: (8725-47) 6-10-72

C:\Users\6\Desktop\раймаслихаты сайт\Толеби\фото\Құлманов Сайлаубай.jpg Құлманов Сайлаубаймемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 12.12.1954 ж.

Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі, Әңгірата ауылында дүниеге келген. Семей қаласында Қаржы экономикалық техникумын қаржыгер мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 1975-1991 жылдары Төлеби аудандық сақтандыру инспекциясының инспекторы, осы инспекция бастығының орынбасары, бастығы, 1991-2001 жылдары аудандық сақтандыру фирмасының директоры, 2001 жылдан бүгінгі таңға дейін «Транс Ойл» сақтандыру компаниясының Төлеби ауданындағы өкілі болып жұмыс істейді.

Байланыс телефоны: 8701-229-65-00

C:\Users\6\Desktop\раймаслихаты сайт\Толеби\фото\Татыбаев Қайдар.JPG Татыбаев Қайдар Бердібайұлы — экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 29.03.1967 ж.

Төлеби ауданы Леңгір қаласында дүниеге келген. Шымкент политехникалық техникумын техник-технолог мамандығы бойынша, Алматы қаласындағы «Арна» университетінің «Қаржы және несие» факультетін бітірген. 1999-2000 жылдары «Бейбарс және К» ЖШС-нің директоры, 2001-2003 жылдары «Эталон-Юг» ЖШС директоры, 2003-2010 жылдар аралығында «Бейбарс Ойл» ЖШС директоры, 2010-2014 жылдар аралығында «Азимут» ЖШС директоры және 2014-2015 жылдары «АОП» ЖШС директоры қызметін атқарып, бүгінгі таңда осы мекемеде кеңесші қызметін атқаруда.

Байланыс телефоны: 8775-725-07-00

Айтбаев Данияр Сапаралыұлы — бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 7.05.1971 ж.

Төлеби ауданы Қасқасу елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

1996-2015 жж. — Төлеби аудандық ауруханасының дәрігері, бас дәрігері, 2015-2017 жж. Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2017 жылдан қазіргі таңда Ленгір қалалық емханасында бас дәрігердің медициналық қызметін сапасын қадағалау бойынша орынбасары қызметін атқаруда.

Байланыс телефоны: 8701-416-30-10