Түркістан қаласы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Есімхан алаңы №3.

Байланыс телефоны: 8(72533)4-14-43 turk.maslihat@mail.ru

Қалалық мәслихат депутаттарының саны – 18.

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

1) Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясы (құрамы 5 депутат);

2) Ауылды дамыту, табиғат қорғау мен экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы (құрамы 4 депутат);

3) «Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы (құрамы 4 депутат);

4) «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы (құрамы 4 депутат);

D:\2018\ӨМІРБАЯН,ЛЕБІЗ\МАСЛИХАТКА 20 ЖЫЛ\депутаттар\3.jpg Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы — қалалық мәслихат хатшысы

Туылған күні, айы, жылы: 06.12.1974ж.

1974 жылы 6 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1992 жылы қаламыздағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебін бітіреді.Білімі жоғары. 1999-2003 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінде оқып, экономика және менеджмент мамандығын алды. 2010-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Академиялық-инновациялық университетінде оқып, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.

2007 жылдан бері Түркістан қалалық мәслихатының төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарындағы депутаты.

Байланыс телефоны: 8(72533)4-14-43

img6 Турдиев Алжан Бакытжанович — қалалық мәслихат аппараты жетекшісі

Туылған күні, айы, жылы: 23.12.1986ж.

Түркістан қаласы Сауран ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде дүниеге келген.Білімі жоғары.2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік басқару бакалавры мамандығын алып шыққан. Түркістан қаласы әкімінің көмекшісі, Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда Түркістан қалалық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8(72533)3-24-50

Сулейменова Жамила Сулейменова Жамила Турехановна — бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселері жөніндегі комиссия төрайымы

Туылған күні, айы, жылы: 03.09.1964ж.

Түркістан қаласында дүниеге келген. 1971-1981 жылдар аралығында мектепті үздік біліммен бітірді. 2000-2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы Орта Азия университетінің «Экономика» факультетін, Қазақстан-Ресей университетінің «Экономика» мамандығы бойынша толық курсын, Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқықтану бакалавры мамандығын игерген – Заңгер, экономист.

2009 жылы желтоқсаннан бастап, бүгінгі таңға дейін Шымкент қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8-775-888-64-64

Таженов Таженов Сакен Кидирбекович — ауылды дамыту, табиғат қорғау мен экологиялық

мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 07.01.1965ж. Түркістан ауданының Ынталы ауылында дүниеге келді. 1982 жылы орта мектепті бітірген соң Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін еңбек жөніндегі экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы Хромтау қаласында «Новороссия» жинақ банк бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары қызметінен бастады. 1990-1991 жылдары Түркістан қалалық тұтынушылар одағының комсомол комитетінің хатшысы, 1997 жылға дейін «КазАгропром» банкісінде жұмыс істеді. 1997-2000 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2000 жылдан бастап «Казпочта» АҚ Түркістан аудандық почта байланыс торабы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8-701-464-01-62

Тілепова Айгуль Тилепова Айгуль Утегеновна — әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризим-спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы

Туылған күні, айы, жылы: 10.11.1970ж.

Түркістан қаласында дүниеге келді. Жоғары білімді екі мамандық иесі. 1987-1993 жылы Шымкент педогогикалық институтының химия-биология факультетін бітірді. 1994 жылы білім жетілдіру институтында 1 жылдық арнайы логопедиялық курсын бітіріп диплом алып, осы сала бойынша логопед маманы ретінде балабақшада жұмыс істеді.

2007-2009 жылы Орталық Азия университетінде дефектология факультетін бітіріп, 1994-2003 жыл аралығында бірнеше балалардың тілін түзетуге еңбектеніп, ата-аналардың сенімін ақтады. 2004 жылы 14 желтоқсанда Түркістан қаласындағы мемлекеттік мекеме «Облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатының» директоры болып тағайындалды.

Байланыс телефоны: 8-708-154-12-14

аманжол Мәди Аманжол Данаханұлы — әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутат өкілдік және этика ұйымдық- құқықтық қызмтті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 05.01.1986 ж.

2003 жылы Астана қаласындағы Қазақ-Ресей университетіне түсіп, экономист мамандығын алды. 2012 жылдан осы күнге дейін Түркістан қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысы. Бесінші, алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты.

Байланыс телефоны: 8-701-101-02-22