Созақ ауданы

СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі 16,

8(72546)-4-33-11, 4-11-55 maslihat_sozak@mail.ru

Аудандық мәслихат депутаттарының саны: 13

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

1) Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия — 6 депутат

2) Заңдылық, әлеуметтік қорғау, аумақтық орналастыру жөніндегі тұрақты комиссия — 6 депутат

C:\Users\User\Desktop\Жұмыс\маслихат фото\фото хатшы\IMG_4068.JPG Байғараев Бегімбет Биімбетұлы — аудандық мәслихат хатшысы

Туылған күні, айы, жылы: 25.02.1966 ж.

1966 жылы Созақ ауданының Созақ ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ветеринария факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 28 жыл. Бүгінгі таңда Созақ аудандық мәслихатының хатшысы. Бұған дейін Созақ аудандық мәслихатының V шақырылымның депутаты әрі хатшысы болып қызмет атқарған.

Байланыс телефоны: 8(72546) 4-10-98, 87754043205

C:\Users\User\Desktop\Жұмыс\2016 жыл\Фото Маслихат\1 - копия.JPG Аманғалиев Еркеғали Аманғалиұлы — аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Туылған күні, айы, жылы: 14.06.1978 ж.

1978 жылы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Инженер-электрик мамандығы бойынша, 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін экономист мамандығы бойынша бітерген. Еңбек өтілі 18 жыл. Бүгінгі таңда Созақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы. Бұған дейін Созақ аудандық мәслихаты аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Байланыс телефоны: 8(72546) 4-11-55, 87715949555

 

Тұрғанбаев Берік Мыңжанұлы — бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 05.01.1956 ж.

1956 жылы Созақ ауданы Калинин совхозының Абай елді мекенінде дүниеге келген. Алматы қаласындағы ҚазПи-дің география-биология факультетін аяқтаған. Еңбек өтілі 41 жыл. Бүгінгі таңда Т.Әлімқұлов атындағы лицей-интернатының директоры, осы қызмет алдында «Созақ» гимназиясы-мектебінің директоры қызметін атқарған.

Байланыс телефоны: 8(72546) 4-11-95, 8701 645-91-92

C:\Users\User\Downloads\ооа (2) (1).jpg Әлімбекова Гүлсара Сейтханқызы — заңдылық, әлеуметтік қорғау, аумақтық орналастыру жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы

Туылған күні, айы, жылы: 13.11.1958 ж.

1962 жылы Созақ ауданының Қарабұлақ елді мекенінде дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтын тарих, қоғамтану пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 35 жыл. Бүгінгі таңда «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарады.

Бұған дейін «Балауса» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Байланыс телефоны: 8(72546) 4-25-49, 87028395333