Отырар ауданы

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Жібек жолы даңғылы, 25

байланыс телефоны 8-72544-2-11-57, 8-72544-2-19-35, электронды почта: Maslihat_otrar@mail.ru

Аудандық мәслихат депутаттарының саны — 14

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

  1. Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, (комиссия құрамындағы депутаттар саны -7).
  2. Әлеуметтік мәселелер мен депутаттардың этикасы жөніндегі тұрақты комиссия, (комиссия құрамындағы депутаттар саны -6).
Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы — аудандық мәслихат хатшысы

Туылған күні, айы, жылы: 25.10.1973 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылында туылған. Білімі жоғары, Ташкент қаласындағы «Аль-Бухари» атындағы университетті араб тілі мамандығы бойынша және Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық және экономика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 23 жыл. Соңғы қызметі — «Отырар сүт-Ет» СТК-ның төрағасы. 2016 жылы наурызда Отырар аудандық маслихатының VІ шақырылымының депутаты, сонымен қатар Отырар аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Байланыс телефоны: 8-72544-2-1-57

Партай Темірхан — аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі

Туылған күні, айы, жылы: 25.07.1958 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы Шәуілдір ауылында туылған. Білімі жоғары, мамандығы құрылыс инженері, 1980 жылы Қазақ химия технология институтын бітірген. Еңбек өтілі 38 жыл. Бұл қызметке дейін Отырар аудандық мәслихатының хатшысы , тексеру комиссиясының төрағасы, мәслихат аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Отырар аудандық маслихатының І және ІІ шақырылымының депутаты болып сайланған.

Байланыс телефоны: 8-72544 — 2-20-53

C:\Users\777\Desktop\Құртаев.jpg Құртаев Әділжан Сейтжанұлы — бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 14.04.1962 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бухгалтерлік есеп-экономист, 1981 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Еңбек өтілі 38 жыл. «Жансая» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етуде, Отырар аудандық маслихатының ІV және VІ шақырылымының депутаты.

Байланыс телефоны: 8-777-164-95-92

C:\Users\777\Desktop\)уттыбек.jpg Нұрқұлов Құттыбек — әлеуметтік мәселелер мен депутаттардың этикасы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 12.10.1953 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы Шытты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бухгалтерлік есеп-экономист, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.Еңбек өтілі 48 жыл. «Нәлібек» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етуде. Отырар аудандық маслихатының V және VІ шақырылымының депутаты.

Байланыс телефоны: 8-705-213-17-85