Ордабасы ауданы

ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі, 14 үй, телефон: 8725-3021187

 

Аудандық мәслихат депутаттарының саны: 15

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

1) Аудандық мәслихаттың әкімшілік, аумақтық орналастыру және қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы – 5 депутат;

2) Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы – 4 депутат;

3) Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және заңдылықты, азаматтардың құқы мен еркін қадағалау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы — 5 депутат.

D:\САУЛЕ нов\Кадры\Е қызмет фото\Б.Садвахасов супер фото.JPG Садвахасов Баймахан Қожатайұлы — аудандық мәслихат хатшысы

Туылған күні, айы, жылы: 14.09.1958 ж.

1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Фрунзе қаласындағы Ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы институтын заңгер мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек өтілі: 39 жыл.

Байланыс телефоны: 8725-3021187

Бос орын — аудандық мәслихат аппараты жетекшісі
D:\САУЛЕ нов\Депутаты\Ордабасы аудандық мәслихат депутаттары\№1 Абжалов С\Абжалов.jpg Абжалов Сералы Оразалиевич — әкімшілік, аумақтық орналастыру және қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасы

 

Туылған күні, айы, жылы: 25.09.1956 ж.

1956 жылы Ресейдің Орел қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Өзбекстан Республикасының Джызақ облысындағы Ауыл шаруашылық техникумына оқуға түсіп, техник-гидротехник мамандығын алып шықты. Еңбек өтілі – 43 жыл.

Байланыс телефоны: 8725-3021187

D:\САУЛЕ нов\Депутаты\Ордабасы аудандық мәслихат депутаттары\№9 Тагаев Б\Тагаев.jpg Тағаев Бақтияр Мұратұлы — бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 27.05.1979 ж.

1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде жоғары білім алып, заңгер мамандығын игерген. 2001-2004 жылдары Түркиядағы «Селчук» университетінің әкімшілік басқару ісі бойынша магистратура бөлімінде оқып, «Құқық магистрі» біліктілік дәрежесін үздік дипломмен қорғады.

Философия ғылымдарының кандидаты. Еңбек өтілі -19 жыл.

Байланыс телефоны: 8725-3021187

D:\САУЛЕ нов\Депутаты\Ордабасы аудандық мәслихат депутаттары\№12 Жумабеков Б\Джумабеков Бакдаулет.jpg Жұмабеков Бақдәулет Құрманбекұлы — депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және заңдылықты, азаматтардың құқы мен еркін қадағалау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

Туылған күні, айы, жылы: 01.11.1979 ж.

1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1994-1998 жылдары Шымкент қаласындағы Автомеханикалық колледжде оқыған. 2003 жылы Алматы қаласы Қазақ көлік транспорт академиясын бітіріп, инженер транспорт мамандығы бойынша бітірген. 2012-2014 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Электроэнергетика мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек өтілі – 16 жыл.

Байланыс телефоны: 8725-3021187