Кентау қаласы

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Мекен-жайы: Кентау қаласы, Абай көшесі №15 ғимарат

телефон: 8/72536/ 3-25-40, 3-56-72 эл. почта kentau.maslihat@gmail.com

Қалалық мәслихат депутаттарының саны: 14

Мәслихаттағы тұрақты комиссиялар:

1) Бюджет, экономиқалық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия құрамындағы депутаттар саны -4)

2) Тілді дамыту, ұлттық саясат, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия құрамындағы депутаттар саны-3)

3) Мемлекеттік құқықтық, азаматтардың заңдылық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, жастар саясаты, депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия құрамындағы депутаттар саны-3)

4) Ауылшаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия құрамындағы депутаттар саны-3)

Scan10003 Балабиев Талғат Рахымұлы — қалалық мәслихат хатшысы

1973  жылы 15  ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Қарағанды қаласында Е.Бөкетов атындағы «Қарағанды мемлекеттік университетіне» түсіп, 1995 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы «Мирас» университетінің Қаржы мамандығын алды. 2016 жылдан бастап Кентау қалалық мәслихатының хатшысы.

Бұған дейін «Кентауский Проф Авто Центр» ЖШС-нің директоры қызметін атқарған.

Байланыс телефоны: 8/72536/3-25-40

Арман Басаров Басаров Арман Амангелдіұлы — қалалық мәслихат аппаратының басшысы

1974 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құрылыс бакалавры мамандығы бойынша оқып бітірген. 2016 жылдан Мәслихат аппаратының басшысы. Бұған дейін Кентау қалалық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

Байланыс телефоны: 8/72536/ 3-25-74

Scan1 Күнпеисов Мейрамбек Заманбекұлы — бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

1959 жылы 8 қарашада Түркістан ауданының Шорнақ ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Мамандығы – тау-кен құрылыс инженері, экономист, Кентау тау-кен металлургия техникумын, Қазақ политехникалық институтын, Қазақстан-Ресей университетінің экономика факультетін бітірді. 2010 жылдан бастап №7 кәсіптік лицей директоры. Кентау қалалық мәслихатының IV-VI шақырылымдарының депутаты.

Байланыс телефоны: 8/72536/3-25-67

 

Scan10003 Құрманбеков Жолдыбай Қожахметұлы — тілді дамыту, ұлттық саясат, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

1956 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Шоқтас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылдан бүгінгі таңға дейін Кентау орталық қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметінде. Кентау қалалық мәслихатының  V, VI шақырылымдарының депутаты.

Байланыс телефоны: 8/72536/3-82-31

 

Фото - С Абдрахманов Сембек Төреханұлы — мемлекеттік құқықтық, азаматтардың заңдылық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, жастар саясаты, депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

1952 жылы 27 шілдеде Бабайқорған ауылында дүниеге келген. 1998 жылдан бастап 2015 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Кентау көпсалалы колледжінің директоры қызметін атқарған. Кентау қалалық мәслихатының ІІ, ІІІ және V шақырылымдарының депутаты.

Байланыс телефоны: 8/72536/3-56-72

h-5 Сырлыбаев Керімжан Дауылбайұлы — ауылшаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

1960 жылы Кентау қаласында туылған. Жоғары білімді. 2007 жылы «Гуманитарлық-Педагогикалық институтында» «Экономист» мамандығын алды. 1980-1983 ж.ж. аралығында Шыршық индустриалды техникумын тәмамдап, техник-электрик мамандығын алған. 1997 жылдан кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Қалалық мәслихаттың IV-VI шақырылымдарының депутаты Кентау қалалық мәслихатының V шақырылымының хатшысы.

Байланыс телефоны: 8/72536/3-56-72